• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
03 Наурыз, 2015

Жүзеге асқан жобалар

400 рет
көрсетілді

Орталық коммуникациялар қызметінде «Самұ­рық-Энерго» АҚ-тың басқарма төрағасы Алмасадам Сәт­қалиев баспасөз мәслихатын өткізді. Ол Үдемелі индус­триялық-инновациялық даму бағдарламасы аясындағы энергетика саласындағы жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде әңгімеледі. Елімізде энергетика сала­сының даму үдерістері үнемі Мем­лекет басшысының назарында екенін айтқан басқарма төрағасы «Самұрық-Энерго» АҚ-тың өткен жылы атқарған жұмыстарына тоқталды. Компания былтыр Индустрияландыру картасына енгізілген бірқатар ивестициялық жобаларды сәтті жүзеге асырыпты. «Екібастұз 1-МАЭС-те қуаты 500 МВт №2 энергия блогын қалпына келтіру жұ­мыс­тары аяқталды, ол стансаның қуатын 3500 МВт-ға дейін ұл­ғайттық. Алматы қаласында трансформациялық қуатын 332 МВА-ға арттыру арқылы Есен­тай, Алтай, Мамыр деген 3 бірдей қосалқы стансаның құрылысы нәтижелі аяқталды», деген ол алдағы уақытта іске асырылатын жобаларды таныстырып өтті. Экономикада орын алған қазіргі жағдайға орай, компания­да үнем саясаты тыңғылықты жүргізіліп жатқан көрінеді. Бұл туралы, «Ағымдағы жылы инвес­тициялық бюджеттi 23 пайызға, яғни 28 млрд. 146 млн. теңгеге қыс­қартып отырмыз. Жалпы, әкiмшiлiк шығыстар 13 пайызға, ақ­шаға шаққанда 1 млрд. 807 млн. теңгеге оңтайландырдық. Бар­лығын қоса айтқанда, ағым­дағы шығыстарды 10 млрд. 824 млн. теңгеге дейін қысқар­ту­ды жоспарладық», дейді А.Сәт­қалиев. Әйткенмен, инвестициялық бағ­дарламаларды оңтайландыру индустрияландырудың екiншi бесжылдығының iрi және маңызды жобалары мен «Нұр­лы Жол» бағдарламасына және ЭКСПО-2017 нысандарына қатысты емес көрінеді. Осы­ны айтқан ол, шығыстарды оңтай­ландыру әлеуметтiк тұрақтылық деңгейiн қамтамасыз етуге кері әсерiн тигiзбейтiнiн жеткізді. Компанияның табысты жұмыс істеуіне жақсы жағдай жасалған. «Инвестициялық жобаларды табысты жүргiзуге, энергетика саласын дамытуға ел Үкiметi мен акционерiмiз «Самұрық-Қазына» қолдау көрсетiп отыр. Соның арқасында, «Самұрық-Энерго» 2014 жылы өндiрiс, электр энергиясын жеткiзу, көмiр өндiру бойынша жоспарлы көрсеткiштердi толық орындады», деген компания басшысы, экономикалық жағдайларға байланысты осы жылғы даму жоспарына өзгерiстер енгiзiлiгенін айтты. Сөйтіп, әкiмшiлiк шығыстар мен инвестициялық жобалардың қаржысы қысқарғанмен, жұмыс орындары толық дерлік сақта­латынын тағы қайталады. «Мемлекет басшысының Жолдауындағы мүмкіндігі шек­теу­лі жандарға арналған кедер­гісіз орта құру мəселесі бойынша тапсырманы орындау үшін былтыр мүмкіндігі шектеулі 170 адамды жұмысқа орналастыруға квота белгіленді. Қазіргі кезде 182 адам жұмысқа тұрды», деді А.Сәтқалиев. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».