• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
30 Маусым, 2015

Ынтымақтастық жалғасады

263 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Италия Премьер-министрі Маттео Ренцимен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты сауда-экономика, инвестиция, отын-энергетика салаларында одан әрі нығайту жолдары талқыланды. Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі мейлінше өзекті мәселелер жөнінде де пікір алмасты. Нұрсұлтан Назарбаев пен Маттео Ренци Қазақстан-Италия ынтымақтастығының әлеуетін арттыра түсудің маңыздылығына тоқтала отырып, бұл үшін қажетті күш-жігер жұмсауға әзір екендіктерін атап өтті.
Соңғы жаңалықтар