Астана қаласының Есіл ауданындағы Сығанақ көшесінде LRT жолдарындағы электр кабельдерінен өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«LRT мамандары электр желісін кернеуден ажыратқаннан кейін, ТЖМ қызметкерлері Vario Carbon автономды ранцтық өрт сөндіргішінің көмегімен өртті сөндірді», делінген хабарламада.
Ұландықтар LRT станцияларында қоғамдық тәртіпті күзетуге кірісті
Айта кетейік, бұған дейін де Астанада LRT аялдамасынан өрт шыққан еді. Оқиға Сарайшық ауданындағы Нұрмағамбетов көшесі бойындағы аялдамада болған. Ол кезде электр қалқанындағы электр кабельдері мен құрылыс қоқысы жалпы көлемі 10 шаршы метр аумақта өртенген.