• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
03 Наурыз, 2015

Солтүстік Қазақстанда қысқы спорт ойындары өтті

467 рет
көрсетілді

ПЕТРОПАВЛ. 3 наурыз. «Солтүстік-2015» қысқы спорт ойындарының ақтық бәсекесіне 13 ауданнан 500-ге жуық спортшы қатысып, футзал, шорт-трек, хоккей және шаңғыдан сынға түсті. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Уәлиханов ауданы А.Қазымбетов атындағы стадионда ұйымдастырылған спорттық шараның ашылу салтанатында сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Владимир Бубенко спортшыларға сәттілік тіледі. Владимир Смирнов, Серік Сәпиев, Дмитрий Бабенко сықылды атақты спортшылардың бейнеқұттықтаулары тыңдалғаннан кейін мерекелік жалауды көтеру құрметіне спорт ардагерлері Геннадий Сабитов пен Сансызбай Қалиев ие болды. Тайынша ауданының өкілі Валентина Шульц шорт-тректен 1500 метрге жүгіруде алдына жан салмады. Футзалдан аса тартысты өткен бәсекеде алаң иелері айыртаулықтарды 7:5 есебімен ұтты. Хоккейде де алаң иелерінің мерейі үстем болды. Қысқы спартакиадаға 8 спорт түрлері кіреді. Мұның алдында президенттік көпсайыс, коньки жарысы, биатлон, допты хоккей түрлерінен ақтық сайыс мәреге жеткен болатын, дейді дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Есеналин. Үш күнге созылған «Солтүстік-2015» қысқы ойындарының қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте М. Жұмабаев ауданының спортшылары 140 ұпай жинап, жеңімпаз атанды. Екінші, үшінші орындарды Қызылжар мен Ғ.Мүсірепов аудандары бөлісті. Оларға ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Спартакиаданы өз дәрежесінде ұйымдастыра білген алаң иелері-уәлихановтарға облыс әкімі атынан «Газель» көлігі тарту етілді. Өмір Есқали. Дерек, сурет: Солтүстік Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы.