• RUB:
    6.11
  • USD:
    472.03
  • EUR:
    540.29
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 09:26

Бішкек тұрғындарына қаладан 3 күнге кете тұру ұсынылды

Қырғызстан Президентінің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов Бішкек тұрғындарына мүмкіндігінше 30-31 тамыз және 1 қыркүйек күндерін Ыстықкөлде немесе басқа да демалыс орындарында өткізуді сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алагөзов дәл осы күндері Бішкекте Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті мен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты өтетінін еске салды.

Асқар Ақаев: Қырғызстанға реформаларды жалғастыру үшін тұрақтылық қажет

Садыр Жапаровтың баспасөз хатшысының айтуынша, Қырғызстанға алғаш рет бір мезгілде 21 мемлекеттің басшысы келеді. Олардың кейбірі бірінші ханымдарымен бірге келмек. Себебі дәл осы күндері бірнеше ел президентінің Қырғыз Республикасына ресми мемлекеттік сапары жоспарланған.

Осыған байланысты, Алагөзовтың айтуынша, Бішкекте үш күн бойы жолдар жиі жабылады.

«Әйтпесе, ең алдымен қолайсыздықтардың зардабын өздеріңіз көресіздер, өйткені осы үш күн ішінде қаладағы жолдар жиі жабылып тұрады», делінген үндеуде.

Қазақстан мен Қырғызстан парламентаралық ынтымақтастықты нығайтпақ

Айта кетейік, бұрын Өзбекстанға қараған екі ауыл ресми түрде Қырғызстан құрамына енді.

Еске сала кетейік, Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Тәшиевке билікті күшпен басып алуға әрекеттенді деген айып бойынша 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған еді. 

Соңғы жаңалықтар