• RUB:
    6.11
  • USD:
    472.03
  • EUR:
    540.29
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 10:18

Павлодар облысының әкімі Ертіс суының таза екенін дәлелдеу үшін тікелей эфирде суға шомылды

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Ертіс өзені суының таза екенін және демалысқа барлық жағдай жасалғанын тұрғындарға дәлелдеуді мақсат етті. Әкім өзеннің лайлануы тек күшті ағыстан көтерілген құмның әсері екенін айтып, судың лас екені туралы қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әкімнің айтуынша, Ертістің жылдық су ағыны 32 миллиард текше метрді құрайды.

«Бұл – тәулігіне шамамен 80 миллион текше метр деген сөз. Сондықтан өзеннің ағысы өте күшті. Судың негізгі бөлігі Қазақстан, Ресей және Моңғолия түйіскен тұстағы Алтай тауларынан келеді. Сондықтан мұндағы су өте сапалы», деді әкім.

Әкім эфир барысында жағажайдағы халықтың көптігін айтып, өзіне бос орынды әрең тапқанын жасырмады.

Ертіс аймағындағы табысты тәжірибе

Оның айтуынша, қаланың орталық жағажайы жазғы маусымға толық дайын. Демалушылар үшін екі пирс жабдықталған, оның бірі мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған. Сонымен қатар балаларға арналған тегін бассейн жұмыс істейді, киім ауыстыратын кабиналар мен душ бөлмелері орнатылған. Жағажай аумағында келушілерге көмектесетін еріктілер де кезекшілік атқарады.

Ертіс суы азайып барады

А. Байхановтың сөзінше, жағажайдағы барлық инфрақұрылым Павлодар тұрғындары арасында ғана емес, Ertis Promenade концерттеріне арнайы келетін қала қонақтары арасында да үлкен сұранысқа ие.

Соңғы жаңалықтар