«Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі, парфюмер әрі ғалым Гүлжан Түзелбаева Қырғызстан президенті Садыр Жапаровқа арнап авторлық хош иіс жасады. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оның айтуынша, жаңа хош иіс Ыстықкөлдің ерекше атмосферасын жеткізуге арналған.
«Мен – Францияда білім алған алғашқы қазақ парфюмермін. Менің анам Ыстықкөлдегі Ананьево ауылында дүниеге келіп, сол жерде өскен. Осы хош иісті Садыр Жапаровқа табыстауды армандаймын. Оның құрамында Қырғызстанда өсетін өсімдіктер мен гүлдердің иістері бар», деді Гүлжан Түзелбаева.
Айта кетейік, Гүлжан Түзелбаева Қазақстанда Gulzhan Parfum атты парфюмерия брендімен танымал. Оның ең белгілі өнімдерінің қатарында Алматыға арналған қызыл апорт алма мен алматылық раушан гүлдерінің иісі үйлескен авторлық парфюм бар.
Астанада сауда орталықтарынан парфюмерия ұрлап келген күдікті ұсталды
Еске сала кетейік, бұған дейін Ақмола облысында мектеп оқушысы жусан иісімен әтір жасап шығарған болатын. Сұлтан Бейбарыс туралы аңыздан шабыт алып дайындалған хош иісті әтір «Елім-ай» деп аталады.