• RUB:
    6.17
  • USD:
    471.04
  • EUR:
    538.54
Басты сайтқа өту
Архив Бүгін, 08:15

Президент архивіне берілді

Президент архивінде Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның құжаттарын мемлекеттік сақтауға қабылдау рәсімі өтті. Рәсім барысында қағаз түріндегі құжаттар, сондай-ақ комиссияның қызметі мен конституциялық реформаны қоғамдық талқылау барысын көрсететін аудиовизуалды құжаттар, оның ішінде дыбыс жазбалары, цифрлық фотосуреттер мен бейнеқұжаттар тапсырылды.

Жиында Конституциялық сот Аппарат басшысының орынбасары Ерлан Сапаров: «Бұл құ­­­жат­тар конституциялық ше­шім­­­­­­­дер­ді іздеудің күрделі әрі жауапты үдерісін, халық­ара­лық тәжірибе мен ұлттық мем­лекеттік дәстүрлерге сүйе­не отырып қабыл­дан­ған таңдау­лар­ды көрсетеді. Оларды сақтау – өз тарихымызға, реформаны жүзеге асырған барлық қатысу­­шылардың еңбегіне және мем­ле­кеттің тарихи сабақ­тастығы қағидатына деген құр­меттің кө­рі­нісі», деген Конс­титуциялық сот төрағасы Эльвира Азимованың сөзін жеткізді.

Сондай-ақ ол Конститу­ция­лық реформа жөніндегі комиссия қыз­ме­тін қамтитын құжаттар кеше­нін мемлекеттік сақтауға тапсырды. Оның ішінде отырыстардың хаттамалары мен стенограммалары, фото және бейнематериалдар, сондай-ақ конституциялық реформаны қоғамдық талқылау барысында азаматтар мен азаматтық қоғам институттарынан келіп түскен 12 мың өтініш пен ұсыныс бар.

Іс-шара барысында Прези­дент архивінің директоры Әлия Мұстафина қазіргі еліміздің мем­ле­кет­тік дамуындағы аса маңыз­ды кезең­дердің бірін айғақ­тай­тын құжаттарды мемлекеттік сақ­тауға қабылдаудың ерекше маңы­зын атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткен­дей, еліміз үшін мүлде жаңа тарихи кезең басталды. Бұл – мақсаты да, мағынасы да бұрын­ғыдан өзгеше, мемлекет пен қоғамды жан-жақ­ты жаң­ғыртуға бағытталған даму жолы. Президент архиві үшін Конс­­титу­ция­лық реформа жөнін­де­гі комис­сия құжат­тарының сақ­тау­ға қабыл­­дануы үлкен мәр­тебе әрі зор жауап­кер­шілік», деді ол.

Сондай-ақ Ә.Мұстафина ко­мис­­сия құжаттары үшін арна­йы сақтандыру қоры жасақ­та­латынын атап өтті. Осы құжат­тар негізінде болашақ зерттеу­ші­лер еліміздің тағдырын айқын­даған шешімдердің қалай қабыл­дан­ғанын, конституциялық рефор­ма­ның қалай әзірленіп, жүзеге асырылғанын түпнұсқа архивтік құжаттар арқылы жан-жақты зерделей алатынын алға тартты.

Соңғы жаңалықтар