• RUB:
    6.17
  • USD:
    471.04
  • EUR:
    538.54
Басты сайтқа өту
Футбол Бүгін, 15:20

«Челсиден» Францияға: Дастан Сәтпаев мансабын «Страсбургта» жалғастыруы мүмкін

Ұлттық құрама шабуылшысы Дастан Сәтпаев лондондық «Челсиден» Францияның «Страсбург» клубына жалға берілуі мүмкін. Бұл туралы «Челси» мен «Страсбург» клубтарына таланттарды іріктеуге маманданған Otu lala X-парақшасы жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Скауттық платформа алдағы уақытта «Челси» клубынан «Страсбургке» жалға берілуі мүмкін үш ойыншыны атады.

«Мен «Челси» клубынан «Страсбургке» жалға берілетін үш ойыншы – Сарр, Сәтпаев және Йоргенсен болады деп ойлаймын», делінген Otu lala жарияланымында.

Хаби Алонсо тактикасына болжам: Дастан Сәтпаев «Челсиде» қай позицияда ойнауы мүмкін?

Платформа өкілдерінің пікірінше, Франция чемпионаты Дастан Сәтпаевтың кәсіби дамуына оң әсер етуі мүмкін.

«Дастан Сәтпаев үшін «Страсбург» – орталық шабуылшы ретінде де, жартылай қорғаушы позициясында да дұрыс дамуға мүмкіндік беретін клуб», делінген жазбада.

Дастан Сәтпаев Қазақстанның ең қымбат футболшысы атанды

Еске салайық, 17 маусым күні Дастан Сәтпаев «Қайрат» жейдесіндегі соңғы матчын өткізген еді. Ол қазір Лондондағы «Челсидің» Кобхэм оқу-жаттығу базасында бейімделу кезеңінен өтіп жатыр. Оның ағылшындық клубпен жасасқан келісімшарты 12 тамызда, 18 жасқа толған күні ресми түрде күшіне енеді. Жуырда «Қайрат» футбол клубының президенті Қайрат Боранбаев Дастан Сәтпаевпен кездесіп, оның жақсы физикалық дайындықта екендігін атап өткен еді. 

Соңғы жаңалықтар