• RUB:
    6.17
  • USD:
    471.04
  • EUR:
    538.54
Басты сайтқа өту
Футбол Бүгін, 15:39

Бүгін «Қайрат» Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойынын өткізеді

Бүгін, 8 шілдеде «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізеді. Алматылық клуб өз алаңында Черногорияның «Сутьеска» командасын қабылдайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 20:00-де басталады. Матчты Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының үздік үш голкиперінің бірі атанды

Еске салайық, өткен маусымда «Қайрат» клубы өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды. Осы арқылы алматылық клуб «Реал Мадрид», «Арсенал» мен «Интер» секілді еуропалық алпауыттарға қарсы ойнауға мүмкіндік алды.

Ал «Сутьеска» өткен маусымда Конференция лигасында өнер көрсетіп, іріктеудің екінші кезеңінде жарыс жолынан шығып қалған болатын.

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» биылғы маусымда қанша табыс тапты?

Айта кетейік, биылғы еурокубок маусымында Қазақстан атынан «Қайраттан» бөлек «Астана», «Тобыл» және «Елімай» клубтары да қатысады. Бұл үш команда Конференция лигасының іріктеу кезеңінде бақ сынайды.

Соңғы жаңалықтар