• RUB:
    6.17
  • USD:
    471.04
  • EUR:
    538.54
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 14:45

Аптап ыстықтан Эйфель мұнарасының биіктігі өзгерді

Парижде аптап ыстықтың әсерінен әйгілі Эйфель мұнарасының биіктігі шамамен 10 сантиметрге ұзарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Инженер, сәулетші Бертран Лемуанның айтуынша, мұнараның темірлері жоғары температурада кеңейіп, салқындағанда қайтадан бастапқы қалпына келеді. Сондықтан оның өлшеміндегі өзгеріс табиғи құбылыс болып саналатын көрінеді.

Швейцариядағы аптап ыстық мұздықтардың еруін жеделдетті

Маманның мәліметінше, ауа температурасы –10 градустан +40 градусқа дейін көтерілген кезде Эйфель мұнарасы шамамен 10 сантиметрге ұзарады. Яғни температура әр 10 градусқа өзгерген сайын оның биіктігі орта есеппен 2 сантиметрге артады.

Сонымен қатар мұнараның пішініне күн сәулесі де әсер етеді. Күн шығыстан батысқа қарай қозғалған сайын оның әр қыры кезекпен қызып отырып, металлды кеңейтеді. Соның салдарынан Эйфельдің төбесі аздап бір жаққа қисаяды.

Эйфель мұнарасының баспалдағы 450 мың еуроға сатылды

Мамандардың айтуынша, бұл – металл конструкцияларға тән қалыпты физикалық құбылыс болғандықтан, ғимараттың қауіпсіздігіне қауіп төндірмейді.

Еске сала кетейік, биыл Еуропада рекордтық ауа температурасы тіркеліп отыр. Аптап ыстықтан кәрі құрлықта жаз басталғалы 1 300-ден астам адам көз жұмған. Ал Францияда 22-28 маусым аралығында 2 мыңнан астам өлім жағдайы тіркелді.

Соңғы жаңалықтар