Галбадрах Отгонцэцэг – Қазақстан дзюдосының тарихында өзіндік ізі бар спортшы. Ол Рио-де-Жанейро-2016 Олимпиадасында қола медаль алып, ел намысын абыроймен қорғады. Сонымен қатар Азия чемпионатында топ жарып, әлем біріншіліктерінде бірнеше мәрте жеңіс тұғырынан көрінді, деп жазады Egemen.kz.
2021 жылы Токио Олимпиадасынан кейін Отгонцэцэг спорттағы мансабын аяқтады. Туған елі Моңғолияға оралып, Ұлан-Батыр қаласында жаттықтырушылықпен айналыса бастады.
Қазіргі таңда ол жас спортшыларға дзюдоның қыр-сыры мен халықаралық деңгейде жинаған тәжірибесін үйретіп жүр. Оның шәкірттері республикалық және халықаралық жарыстарға қатысып, жүлде иеленіп келеді.
Қазақстан құрамасы дзюдодан Еуропа кубогін қос алтынмен аяқтады
2025 жылдың сәуір айында оның жетекшілігіндегі Winner Judo Sport Club спортшылары Ақтау қаласында өткен халықаралық турнирде жоғары нәтиже көрсетіп, командалық есепте І орынға ие болды. Бұл жетістік Галбадрах Отгонцэцэгтің жаттықтырушылық білігін және жас спортшыларды халықаралық деңгейдегі жарыстарға сапалы дайындап жүргенін дәлелдейді.
Қазақ дзюдошы Прагада өткен Еуропа кубогында жеңімпаз атанды
Отгонцэцэг дзюдодан алшақтаған жоқ: ол тәжірибелі жаттықтырушы ретінде жас буынға үлгі бола білді. Спорттағы тәртіп, еңбексүйгіштік пен мақсатқа адалдықты ол енді өз шәкірттеріне дарытуға тырысады. Осылайша, Галбадрах Отгонцэцэгтің есімі тек чемпион ретінде ғана емес, болашақ чемпиондарды тәрбиелейтін ұстаз ретінде де құрметтеліп келеді.
Ахжибек Бахыт,
ЕҰУ студенті