• RUB:
    6.17
  • USD:
    471.04
  • EUR:
    538.54
Басты сайтқа өту
Партия Бүгін, 12:15

Құрылтай сайлауы: ЖСДП 33 кандидаттың тізімін бекітті

Астанада Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның (ЖСДП) кезектен тыс ХХV съезі өтіп, делегаттар Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысатын кандидаттар тізімін бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Партияның сайлау тізіміне барлығы 33 кандидат енгізілді. Оның ішіне Парламент Мәжілісінің VIII шақырылымындағы төрт депутат енді. Кандидаттардың толық тізімі партияның ресми сайтында жарияланған. 

Съезд барысында делегаттар партияның сайлауалды бағдарламасын бекітіп, алдағы саяси кезеңге арналған негізгі стратегиясын айқындады.

7 тамыздан бастап қазақстандықтар өздерінің сайлаушылар тізіміне енгізілгенін тексере алады

Жиында «Прогреске апарар жолдағы 20 белес» атты сайлауалды бағдарлама таныстырылды. Бағдарлама атауы келесі жылы ЖСДП құрылғанына 20 жыл толуына орай қойылған.

Құжат төрт негізгі бағыттан тұрады. Әділетті мемлекет қалыптастыру, адам мүддесіне қызмет ететін экономиканы дамыту, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және Қазақстанды цифрлық дәуір мен жаңа жаһандық сын-қатерлер жағдайында дамыту бағдарламаның негізгі міндеттері саналады.

Қазақстанның саяси партиялары Құрылтай сайлауына толық дайын екенін мәлімдеді

Партия төрағасы Асхат Рахымжанов жаңа Конституция қабылданғаннан кейін елдің саяси дамуында жаңа кезең басталғанын атап өтті. Оның айтуынша, партияның жаңартылған бағдарламасы демократиялық өзгерістермен қатар мемлекеттік басқару, экономика және әлеуметтік саланы жаңғыртуға арналған нақты тетіктерді қамтиды.

Еске сала кетейік, елімізде Құрылтай сайлауы 23 тамызға белгіленді. Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды.

Бұған дейін Құрылтай сайлауына қатысатын кандидаттар тізімін өзге саяси партиялар да бекіткен болатын. «Ауыл» партиясы 69 кандидатты ұсынса, «Ақ жол» партиясы 63 кандидатты жариялады. Қазақстан Халық партиясы 72 кандидаттан тұратын тізімін бекітсе, Respublica партиясы 76 кандидатын ұсынды.

Соңғы жаңалықтар