• RUB:
    6.17
  • USD:
    471.04
  • EUR:
    538.54
Басты сайтқа өту
Алматы Бүгін, 13:03

Алматы әкімдігі кептелісті шешудің жолдарын ұсынды

Алматыда көлік қозғалысының ең жоғары қарқыны қарбалас уақытта тіркеледі. Бұл кезде тұрғындардың едәуір бөлігі қала маңындағы елді мекендерден орталыққа және кері бағытта бір уақытта қатынайды. Сонымен қатар жолдардың жүктемесі мен қозғалыс жылдамдығына тәулік уақыты, жол жағдайы, ауа райы, жөндеу жұмыстары және басқа да факторлар әсер етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

LS басылымының мәліметінше, қалалық жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасы қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақтар мен BRT дәліздері автобустардың жалпы көлік ағынымен салыстырғанда жылдамырақ жүруіне мүмкіндік беретінін атап өтті.

Көлік кептелісі шектен шықты: Әрбір жүргізуші жылына кемінде 50 сағат көшеде қаңтарылып тұрады

LS басылымының сұрауына орай аталған басқарма мәселе қалай шешілетінін айтқан.

«Алматыда қазір 642 бағдаршам нысаны жұмыс істейді. Оның 98-і жол қозғалысын автоматтандырылған басқару жүйесі (АЖБЖ) аясында бірінші кезеңде жаңғыртылған.

Көшелердің өткізу қабілетін арттыру үшін екінші кезең жүзеге асырылады. Оның аясында қалған 544 бағдаршам нысаны жаңғыртылып, қайта жаңартылады. Құрылыс-монтаж жұмыстары бюджет қаражаты бөлінген сайын биыл жүргізіледі», делінген хабарламада.

Жаңа жүйе жол қиылыстарындағы қозғалысты нақты уақыт режимінде реттейді деп күтіліп отыр. Онда әр бағыттағы көлік ағынының нақты қарқыны ескеріліп, көліктің қозғалыс статистикасы есептеледі, сондай-ақ кері санақ тақталары бейімделген режимде жұмыс істейді.

Айта кетейік, Қазақстандағы ерікті автокөлік сақтандыру (КАСКО) нарығы соңғы 10 жыл ішінде тұрақты өсім көрсетіп келеді.

Соңғы жаңалықтар