• RUB:
    6.17
  • USD:
    471.04
  • EUR:
    538.54
Басты сайтқа өту
Партия Бүгін, 11:54

Respublica партиясы Құрылтай сайлауына 76 кандидат ұсынды

Respublica партиясы Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысу үшін Орталық сайлау комиссиясына партиялық тізімін ұсынды. Партияның тізіміне барлығы 76 кандидат енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құжаттарды партия төрағасының орынбасары – Орталық аппараттың басшысы Жанат Ысқақов тапсырды. Орталық сайлау комиссиясы аппаратының басшысы Әлия Ғалымова бастаған комиссия құжаттарды қабылдап, партия өкілдерін тізімнің ресми ұсынылуымен құттықтады.

«Бүгін біз үшін сайлау науқанындағы маңызды кезең басталды. Сайлау науқанының барлық кезеңінде мемлекеттік органдармен және өзге де мүдделі құрылымдармен сындарлы ынтымақтастық орнатып, Құрылтай сайлауының заң талаптарына сәйкес әрі ашық өтуіне өз үлесімізді қосуға дайынбыз», деді Жанат Ысқақов.

Партияның тізіміне барлығы 76 кандидат енгізілді. Кандидаттардың орташа жасы – 41 жасты құрайды. Ең жас үміткер – 27 жаста болса, ал ең егде кандидат – 55 жаста.

«Ақ жол» сайлауалды бағдарламасын таныстырып, құрылтайға 63 үміткердің тізімін бекітті

Партиялық тізімнің басым бөлігін кәсіпкерлер құрайды. Сонымен қатар оған мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор, білім беру, агроөнеркәсіп кешені, мәдениет, спорт, бұқаралық ақпарат құралдары және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері енген.

Үміткерлер тізімі бекітілді

Кандидаттардың толық тізімі партияның ресми сайтында жарияланған.

Еске сала кетейік, елімізде Құрылтай сайлауы 23 тамызға белгіленді. Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды. Президент Жарлығынан кейін Қазақстанның саяси партиялары ресми мәлімдемелер жасап, сайлау науқанына дайын екендігін хабарлады.  

Соңғы жаңалықтар