Кеше ЕҚЫҰ-ға мүше елдер сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуі аясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ЕО-ның сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Мәртебелі өкілі баронесса Кэтрин Эштонды қабылдады.
Кездесуде екі жақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.