• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
03 Наурыз, 2015

Солтүстік Қазақстанда әйелдердің өмір жасы ұзақ

361 рет
көрсетілді

ПЕТРОПАВЛ. 3 наурыз. Солтүстік Қазақстан облыстық статистика департаменті өңірдегі әйелдерге қатысты бірқатар деректерді жариялады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Осы жылдың 1 қаңтарында облыстағы әйелдердің саны 299,2 мың адамды қамтып, тұрғындардың 52,3 пайызын құраған. Олардың ішінде еңбекке қабілеттілері – 176 мың, еңбекке қабілетті жастан асқандары – 66,4 мың. Әйелдердің өмір сүру ұзақтығы 73,9 жас. Бұл ер адамдарға қарағанда 11 жылға артық. 20 жасқа дейінгі әйелдердің 9,8, 20-29 жастағылардың 67, 30-39 жастағылардың 15, 40-49 жастағылардың 4,3, 50-59 жастағылардың 1,9, 60 жастан асқандардың 0,7 пайызы некеге тұрған. Бала тууға ең қабілетті кезең 20-29 жас аралығындағы келіншектерге тиесілі. Бұл көрсеткіш 62,8 пайыз төңірегінде. Өкініштісі сол, бір отбасыға 2 баладан ғана келеді. Сондай-ақ, жыл өткен сайын некесіз туатын сәбилердің көбейіп келе жатқаны байқалады. Мәселен, 2013 жылы дүние есігін ашқан балалардың бестен бірі некесіз туылған. Олардың 47,8 пайызы ата-аналардың бірлескен өтініші бойынша рәсімделген. Көші-қон айналымындағы әйелдердің саны 17 мыңға жеткен. Өткен жылы облыстан тысқары жерлерге 5058 әйел көшіп кетсе 2069 қыз-келіншек келгенін айта кетейік. Өмір Есқали. Дерек: egemen.kz. Сурет: sko.gov.kz.