• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
16 Мамыр, 2015

Тоқсан бестің тағылымды тарихы қалың оқырманның қолына тиді

282 рет
көрсетілді

Астанадағы «PRINTING-HAUS» ЖШС-нан «Бас басылым» атты фотоальбом жарық көрді. Ол осыдан 5 ай бұрын 95 жылдығын атап өткен «Егемен Қазақстан» газетінің арғы-бергі тарихынан сыр шертеді. Оқырмандар назарына ұсынылып отырған бұл шежіре-жинақта былайғы күнде байқалмай, өз қазанында бұрқ-сарқ қайнап жататын газет тіршілігінің қайталанбас сәттері көне және жаңа суреттерде сәтті көрініс тапқан. Сондай-ақ, мұнда оқырман кеңірек мәлімет алсын деген ниетпен басылымды әр кезеңдерде басқарған басшылардың, қоғам қайраткерлерінің, ардагерлердің, бұрынғы қызметкерлердің ой-пікірлері, естеліктері де ұсынылып отыр. Кітап газет тарихына қатысты сирек суреттерді, деректерді жариялауымен де құнды.

 
Соңғы жаңалықтар