АСТАНА. 30 маусым. Оңтүстік Қазақстан облысында 4 жасар қызды ұрып өлтірген бала күтуші әйелге қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы «Отырар» телеарнасыне сілтеме жасаған nur.kz хабарлады.
Оңтүстік өңірде 2 жасар Ерасыл мен 4 жасар Аяжанды қарау үшін бала күтушісі болып жұмысқа қабылданған әйел екі бүлдіршінді аяусыз ұрып, тепкінің астына алған болатын.
Ауыр соққының салдарынан Аяжан көз жұмды. Мұнан соң, бала күтуші Гүлшахра Оразбаеваның осы әрекетіне қатысты сот ісі басталған-ды.
Айта кетейік, облыстық ауданаралық мамандандырылған соты бала өліміне бас кінәлі ретінде Гүлшахра Оразбаеваны 8 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді.
Тергеу кезінде Гулшахра сәбилерді кінәлады. Ол балалардың әбден жүйкесін жұқартып, ақыры оларды ұруға мәжбүр болғанын айтты.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет: nur.kz.