Ормұз бұғазында кеме қатынасы тоқтап қалды. Апта басынан бері бұғаз арқылы бақылау жүйелері қосулы бірде-бір ірі кеме өтпеген. Егер қақтығысқа дейін бұл бағытпен тәулігіне шамамен 130 кеме жүрсе, қазір олардың саны санаулы ғана, деп жазады Egemen.kz.
Сарапшылардың айтуынша, жүк тасымалдаушы компаниялар барынша сақтық стратегиясына көшкен. Танкерлерге жасалуы мүмкін шабуылдар қаупіне байланысты кейбір компаниялар балама бағыттарды қарастыра бастады.
Ормуз бұғазына балама: Түркия мен Сауд Арабиясы жаңа теміржол дәлізін салады
Иран АҚШ-тың жуырдағы соққыларына жауап ретінде Бахрейн, Кувейт, Қатар және өзге де елдердегі америкалық әскери нысандарға шабуыл жасағанын мәлімдеді.
Шиеленістің күшеюіне қарамастан, мұнай бағасы әзірге тұрақты деңгейде сақталып отыр. Дегенмен сарапшылар мұнай қорының азаюы мен жеткізу тізбегіндегі іркілістерге байланысты осы жаздың өзінде бір баррель мұнайдың бағасы тағы 10-15 АҚШ долларына қымбаттауы мүмкін екенін ескертеді.
Ормұзда дрон шабуылы: Трамп Иранға айып тақты
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен арадағы бітімнің аяқталғанын мәлімдеп, бұдан былай Тегеранмен келіссөз жүргізгісі келмейтінін айтқан еді.