Ішкі істер министрлігі есірткі құралдарын жеткізудің және өткізудің арналарын анықтау мен жолын кесу бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz
«Қарасора – 2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері Астана қаласының 40 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті Telegram мессенджері арқылы есірткі сатумен айналысқан интернет-дүкеннің «қоймасы» қызметін атқарған.
Петропавлда 300 грамнан аса есірткіні таратпақ болған әйел ұсталды
Тінту барысында, сондай-ақ бұрын жабдықталған жасырын орындарды тексеру кезінде орау материалдары, zip-lock пакеттері және төрт килограмнан астам синтетикалық есірткілер - α-PVP мен мефедрон тәркіленді.
Бұл елорда аумағында таралуына жол берілмеген 12 мыңнан астам бір реттік доза. Заңсыз айналымнан алынған әрбір есірткі партиясы - алдын алынған қылмыстар, аман сақталған адамдардың өмірі.
Есірткі қылмысына қарсы күрес: 6 мың сайт пен 9 мың банк картасы бұғатталды
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ішкі істер министрлігі есірткіні жеткізу, сақтау және тарату арналарын анықтау және жолын кесу бойынша жұмысты жалғастырады, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов.