• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
30 Маусым, 2015

Петропавлда велоспорттан республикалық спартакиада аяқталды

284 рет
көрсетілді

ПЕТРОПАВЛ. 30 маусым.  Еліміздің 13 облысынан келген 100-ден астам велошабандоздар 4 күн бойы топтық және жекелей жарыстарда күш сынасып, қатар өткізілген республикалық спартакиада мен чемпионаттың жүлделерін сарапқа салды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Жарыс шымылдығын ерлер командасы ашты. Құрамында Алексей Луценко, Жандос Бижігітов, Степан Астафьев және Артем Захаров бар алаң иелері 50 шақырым қашықтықты алдымен бағындырды. Әйелдер арасында сөре сызығын (30 шақырым) бірінші болып Алматы облысының командасы қиды. 36 шақырымдық жекелей сында халықаралық дәрежедегі спорт шебері Алексей Луценкоға (СҚО) тең келер қарсылас табылмады.  Әйелдер арасында (18 шақырым) Алматы облысының өкілі Екатерина Юрайтис жеңістің ең биік тұғырына көтерілді. Жасөспірімдер арасында 18 шақырымдық қашықтықта қызылордалық Асылхан Тұрар көмбеге бірінші болып жетті. Ал, жасөспірімдердің топтық бәсекесінде жамбылдық  Дінмұхамед Ұлысбаевтың бағы жанды. 80 шақырымдық топтық додада Алматы облысының әйелдер командасы бірінші орынды еншіледі. Спартакиаданың соңғы күнінде 202 шақырымдық топтық жарыс 5 сағатқа жуық созылып, петропавлдық Олег Земляковтың мерейі үстем болды. 3 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль иеленген солтүстікқазақстандық велошабандоздар жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алды. Екінші, үшінші орындарға Алматы және Қостанай облысының командалары орналасты. Өмір Есқали. Дерек: Солтүстік Қазақстан облыстық дене шынықтыру жән спорт басқармасы. Сурет: egemen.kz