• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
04 Наурыз, 2015

Сенеміз және қолдаймыз

676 рет
көрсетілді

*Президент поштасынан

Елбасы атына келіп жатқан хаттар мен жеделхаттардың негізгі айтары осы

Президент сайлауын өткізу туралы шешімге қолдау білдірген және Нұрсұлтан Назарбаевтың өз кандидатурасын ұсынуға келісуін өтінген хаттар мен жеделхаттар легі келуін жалғастыруда, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысының атына еңбек ұжымдарынан, қоғамдық бірлестіктердің мүшелерінен, медицина қызметкерлерінен, білім беру саласының өкіл­дерінен, сондай-ақ, елдің түрлі өңір­леріндегі тұрғындардан Нұрсұлтан Назар­баевтың алдағы сайлауға қатысуын өтінген хаттар легі толассыз келіп түсуде. Атап айтқанда, Екібастұз қа­ласынан «Богатырь Көмір» ЖШС мыңдаған адамдық еңбек ұжымы Елбасының бас­шы­лығымен Қа­зақстан әлемдік қоғамдастықтың элитасына кіріп, өз орнын мықтап бекіткенін айтады. «Біз өз елімізді мақтан ете­міз және оның қуатын одан әрі арт­тыра беруге ниеттіміз. Біз Сіз­ге сенеміз. Сіз көпұлтты еліміз­де татулықты, келісім мен тұрақ­ты­лықты қамтамасыз еттіңіз, бұл бүкіл әлемге айқын. Біздер, кеншілер, Сіздің саясатыңызды қолдап, Сізге сене отырып, Қазақ­стан Республикасы Прези­денті­нің алдағы сайлауына түсуіңізді сұраймыз», – делінген хатта. Астана қаласындағы «Тау-Кен Алтын» ЖШС аффинаж зауы­тының жұмысшылары Мемле­кет басшысының жүргізген саяса­тының арқасында олар иннова­циялық кәсіпорындағы қызықты жұмысқа кіріскендерін айтады. «Біз бүгін президенттік сай­лауға Өзіңіз­дің қатысуыңызды сұ­раймыз, өйт­кені, Сіз елдегі тұ­рақтылық пен тату­лықтың кепілісіз», – деп жазады авторлар. «Қарағанды металл конструкциялар зауыты – Имсталькон» ЖШС ұжымы Пре­зидент сайлауын өткізу туралы жаңалықты ықыласпен қабылдағанын хабарлайды. «Бүгінгі табыстар қуатты өндірістік әлеует пен білікті әрі білімді персо­нал болған кезде ғана мүмкін болады. Табиғи ресурстарымызды, да­мыған өнеркәсібімізді сауатты пай­даланудың, күшті білім мен ғылымның арқасында бізде осының бәрі бар. Бірақ Көшбасшының басты рөлін Сіз атқа­рып отырсыз. Алдағы сайлауға қатысуыңызды сұраймыз. Біз Сізге сене­міз және кандидатураңызды қол­даймыз», – делінген хатта. Павлодар қаласынан «Компания Нефтехим LTD» ЖШС қызметкерлері өз кәсіпорындары Қазақстан Президенті бастамашы болған кәсіпкерлік кластерді дамытудың нақты мысалдарының бірі болып саналатынын атап өткен. «Осы бағдарламаның арқасында біз жаңа сапалы деңгейге көтеріліп, инновациялық технологияларды енгіземіз, өз өнімдерімізді шығарамыз. Біз Сіздің күш-қуатыңыз, мемлекеттік және саяси қызметтегі бай тәжірибеңіз еліміздің игілігіне әлі ұзақ қызмет ететініне сенімдіміз. Мемлекет басшысы лауазымына кандидатураңызды ұсынуға келісіміңізді сұраймыз», – делінген хатта. «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ жұмысшылары жүргізіліп жатқан индустриялық саясаты мен отандық өндірушілерге көрсеткен қолдауы үшін Мемлекет басшысына алғыс айтқан. Соның арқасында кәсіпорын тұрақты дамып, серіктестік байланыстары мен өткізу нарықтарын кеңейтуге мүмкіндік алып отыр. «Сіздің Стратегияңыз, Сіздің бағ­дарламаңыз қарапайым адамның мүддесін көздейді, халыққа нағыз керегі де осы. Оларды жүзеге асыратыныңызға сенеміз. Сондықтан біздің еңбек ұжымы Қазақстан Президентінің алдағы сайлауында кандидатураңызды ұсыну жөніндегі ел тілегін қолдауды сұрайды. Біз Сіздің шешіміңізді қол­даймыз және Сізбен бірге жеңіске жете­тінімізге сенімдіміз», – делінген хатта. Ақсу қаласынан «Еуроазиялық энергетикалық корпорация» АҚ ұжымы Нұрсұлтан Назарбаевтың теңгерімді саясатының нәтижесінде Қазақстандағы әрбір отбасы мемлекет қамқорлығын сезініп отырғанына тоқталған. «Біз біртұтас, тату отбасы ретінде бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатырмыз. Көшбасшымыздың арқасында Қазақстан мүмкіндіктері мен болашағы зор елге айналды. Біз өз елімізді, өз Президентімізді жақсы көреміз, оған сенеміз. Біздер, энергетиктер, алдағы Президент сайлауына қатысуыңызды сұраймыз», – деп жазады авторлар. «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ жұмысшылары қуатты мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсіпорындары табысты дамып, жылдан жылға өндіріс қарқынын арттырып келе жатқанын хабарлайды. «Біз алаңсыз жұмыс істей алаты­ны­мызға, лайықты табыс табатынымызға, балаларымызды тәрбиелеп, бола­шаққа сеніммен қарайтынымызға қуан­ыш­тымыз. Біз Сізді бірауыздан қолдаймыз және президенттік сайлауға түсуіңізді сұраймыз. Қуатты, гүлденген Қазақстанды Сізбен ғана елестете аламыз және еліміздің болашағына деген үміт пен сенімді Сізбен байланыстырамыз», – делінген хатта. «Astana Solar» ЖШС ұжымының мүшелері Мемлекет басшысының экономикалық және саяси реформалар жүргізуге бағытталған саясатына сенім білдірген. «Біздің елімізде жұмысшы тап Қазақстан қоғамын дамыту үдерісіне үлес қоса алуы үшін барлық жағдай жасалуда. Жаңа экономикалық жағдайда президенттік сайлау өткізу Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы тұжырымдамасын іске асыруға мүмкіндік береді деп санаймыз. Осыған орай Сізден сайлауға қатысуды және Қазақстанның игілігі үшін қызметіңізді жалғастыруды сұраймыз», – деп жазады авторлар. Ақтөбе қаласынан «Трансэнерго» АҚ жұмысшылары Нұрсұлтан На­зар­баевтың – ерекше ойлау қабілеті, мұ­қалмас жігері мен ғаламат ең­­бек­қор­лығы бар көреген саясаткердің бас­шылығындағы Қазақстанның қазіргі ахуалға арналған іс-қимыл жоспары бар екенін атап өткен. «Белең алып келе жатқан эконо­ми­калық қиындықтарға байланыс­ты дағдарысқа қарсы «Нұрлы Жол» бағ­дарламасын табысты жүзеге асыру мақсатында ұжымның барлық мүшелері атынан Сіздің алдағы сайлауға қаты­суыңызды сұраймыз. Біз еліміздің өз Көшбасшысымен бірге одан әрі дамуы мен гүлденуі үшін дауыс береміз», – делінген хатта. Астана қаласынан «Локомотив құ­рас­­­тыру зауыты» АҚ еңбек ұжымы пре­зи­денттік сайлау өткізу туралы шешім жаңа экономикалық жағдайда барлық қазақстандықтарды тұтастыруға, «Нұрлы Жол» бағдарламасын тиімді жүз­еге асыруға және «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді Стратегиясында айқын­далған бағдармен жүруге мүмкіндік беретінін айтады. «Сізден сайлауға қатысуыңызды және елімізді дамыту мен өркендету жолындағы қызметіңізді жалғастыруды сұраймыз», – деп жазады авторлар. Астана қаласындағы «Тұл­пар-Тальго» ЖШС зауытының жұмыс­шылары Мемлекет басшысына еңбек адамына деген ұдайы қамқорлығы үшін алғыс айтады. «Сізді өзіңізбен бірге болашаққа сеніммен қарауға болатын респуб­ли­ка­мыздың көшбасшысы ретінде біле­тіндіктен, Президент сайлауына қаты­суыңызды өтінеміз», – делінген хатта. Шығыс Қазақстан облысының агро­өнеркәсіп кешені өкілдері еліміз дамудың жаңа кезеңіне аяқ басқанын, реформаларды әрі қарай табысты жүргізудің міндетті шарты қоғамды топтастыру және саяси тұрақтылық екенін атап көрсеткен. «Қазақстан Республикасы Прези­дентінің сайлауын өткізу бейбітшілікті, бірлікті және республикамыздағы келісімді нығайтуға септігін тигізетініне нық сенімді екенімізді білдіре отырып, Сізден, мойындалған әрі құрметті Елба­сынан сайлауға қатысуды өтінеміз», – деп жазады авторлар. Қостанай қаласынан «Агротехмаш» ЖШС ұжымы бүкіл әлем үшін күрделі кезеңде Қазақстан халқы Елбасының басшылығымен болашаққа батыл жос­пар құрып жатқанын атап өткен. «Бүгін біз Сіздің саясатыңызды қолдайтынымызды мәлімдейміз және кандидатураңыздың Қазақстан Рес­публикасы Президентінің сайлауында ұсынылғанын қалаймыз», – делінген хатта. «Уральскагрореммаш» АҚ жұ­мысшылары бүкіл халықтың сенімін ақтаған және халықаралық аренада беделге ие Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің алдағы сайлауына қатысуы тиіс екенін атап өткен. «Сізді ішкі және сыртқы саясатты сәтті жүргізіп отырған, Отанымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуын ұдайы қамтамасыз еткен Елбасы ретін­де айрықша бағалаймыз», – деп жазады авторлар. Қызылорда облысындағы «Абзал және К» толық серіктестігі ұжымы еліміздің қол жеткізген табыстарын нықтай түсіп, бұдан әрі жаңа биіктерге ілгерілеуінің маңыздылығына назар аударыпты. «Бұл үшін ең алдымен мемлекет басында Сіздің тұрғаныңыз қажет. Сондықтан біз Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына Сіз қатысады деп үміттенеміз және Сізге өз дауысымызды беретінімізді хабарлаймыз. Барша қазақстандықтар сияқты біз болашағымызды тек Сізбен байланыс­тырамыз», – делінген хатта. Қызылорда облысындағы «Аралтұз» АҚ еңбеккерлері Қазақстанның барлық, соның ішінде, халықаралық деңгейдегі елеулі жетістіктері Мемлекет басшысы қызметінің нәтижесі екенін атап өткен. «Біз өз кандидатураңызды ұсын­ғаныңызды, сайлауда жеңгеніңізді және жұмысыңызды жалғастырғаныңызды қалаймыз. Бұл – тек біздің қызмет­кер­­лердің ғана емес, елдің тағ­дырын маңызды санайтын барша қазақ­стан­дықтардың тілегі», – деп жазады авторлар. «Қарағанды кәмпиттері» АҚ ұжы­мының мүшелері Мемлекет басшы­сының басшылығымен ел жаңа биік­терге, бұдан арғы экономикалық дамуға және бақ-берекеге қол жеткізетініне сенім білдірген. «Өз Елбасымызға және ол жүр­гізіп келе жатқан саясатқа сенім артып, достық пен келісімді қолдай отырып, Сізден алдағы Президент сайлауына өз кандидатураңызды ұсынуыңызды өтінеміз. Біз оған белсене қатысып, сіз үшін даусымызды береміз», – делінген хатта. Қостанай қаласындағы «Баян Сұлу» АҚ еңбеккерлері Нұрсұлтан Назар­баевқа қазақстандықтардың бүгінгі буыны тәуелсіз әрі бейбіт елде өмір сүруге мүмкіндік алғаны үшін алғыстарын жеткізген. «Біз Сіздің әрдайым халық тек бо­ла­шаққа сеніммен қарап, ел тағ­ды­­рын өзінің тәжірибелі де дана Көш­басшысына сеніп тапсырғанда ғана мүмкін болатын бірлік, өсіп-өркендеу бағытындағы саясатыңызды қолдадық және қолдай береміз. Сондықтан Сізден өз кандидатураңызды Қазақстан Пре­зиденті сайлауына ұсынған халық тілегін ескеруді сұраймыз», – деп жазады авторлар. Қарағанды облысы Саран қаласын­дағы «Казцентрэлектропровод» ЖШС еңбеккерлері еліміздегі татулық пен келісім, сондай-ақ, табысты әлеуметтік-экономикалық даму Қазақстан хал­қы­ның ең басты байлығы екенін айтады. «Сізден алдағы президент сайлауына қатысуыңызды өтінеміз. Қазақстан халқына Сіздің дана саясатыңыз қажет», – делін­ген хатта. Көкшетау қаласындағы «АП-Импекс» ЖШС ұжымы Мемлекет басшы­сы жүргізіп келе жатқан саясат ар­қа­сында бүкіл елде жаңа кәсіпорындар ашылып, жаңа жұмыс орындары құрылып, дағдарысқа қарсы ауқымды бағдарлама жүзеге асып жатқанын, Еуразиялық экономикалық одақ аясында белсене жұмыс жүргізіп жатқан шағын және орта бизнеске айтарлықтай қолдау жасалып отырғанын айтады. «Біз Сізден алдағы Президент сайлауына түсуіңізді сұраймыз. Біз үшін бүкіл ұжы­мымыз бірауыздан дауыс беретін бір ғана кандидат бар», – деп жазады авторлар. Көкшетау қаласындағы «Тыныс» АҚ еңбеккерлері ел алдында тұрған міндеттердің ауқымдылығын сезініп және олардың табысты жүзеге асырылуын тек Нұрсұлтан Назарбаевпен байланыстыра отырып, оған алдағы президент сайлауына өз кандидатурасын ұсыну жөніндегі өтініштерін жеткізген. «Біз Сізге сенеміз, Сізді бірауыздан қолдаймыз және Сіздің жеңетініңізге сенімдіміз. Тек Сіз ғана тәуелсіз Қазақ­станды одан әрі өсіп-өркендеу, татулық пен келісім жолымен алып жүре аласыз», – делінген хатта. Солтүстік Қазақстан облысы Мың­кесер ауылындағы «Мамбетов и компания» ұжымы ауылдардың дамып, жолдар жөнделіп, әлеуметтік нысандар салынып, жаңа кәсіпорындар ашылып жатқанына көңіл аударыпты. «Бүгінде бейбіт аспан астында өмір сүріп, сүйікті ісімізбен айналысып және өз балаларымызды тәрбиелей отырып, біз тұрақтылығымызды сақтаудың қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Бізді, ауыл еңбеккерлерін алаңсыздық пен ертеңгі күнге сенім үшін Сізге деген шексіз алғыс сезімі баурайды. Біз Сізді қызу және жан-жақты қолдаймыз және Президент сайлауына қатысуыңызды сұраймыз», – деп жазады авторлар. Елдің медицина қызметкерлері де хат жолдады. Мәселен, «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ ұжымы Қазақстан халқына арналған «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында белгіленген жоспарлар тек Мемлекет басшысымен бірге жүзеге асырылатынын айтқан. «Саяси тұрақтылық, елдің ор­нықты дамуы және халықтың бірлігі – отандық денсаулық сақтау саласындағы ұзақ мерзімді жоспарларды жүзеге асырудың маңызды шарттары. Сон­дық­тан Сізден Президент сайлауына қаты­суыңызды өтінеміз», – делінген хатта. Павлодар облыстық кардиология орталығы еңбеккерлері тәуелсіздік жылдары елімізде жаңа ауруханалар салынып, медицина мекемелері заманауи құрылғылармен жабдықталғанын және көлікпен қамтамасыз етілгенін атап өткен. «Біз жылдан жылға көркейіп келе жатқан елімізді мақтан етеміз, қоғамымыздағы достық пен келісімді қастер тұтамыз. Сөзі мен ісі бір өз Президентімізбен мақтанамыз. Біз Сізді көреген саясаткер, өз респуб­ликасы мен халқын білетін, әлемде лайықты беделге ие стратег-көшбасшы ретінде танимыз. Бүгінде Сізге балама жоқ. Медицина қоғамдастығы Сізден Президент сайлауына қатысуды сұрайды», – деп жазады авторлар. Қарағанды облыстық кардиохирургия орталығы ұжымы тек Нұрсұлтан Назарбаев қана халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға қабілетті екенін айтады. «Қазақстанға тұрақтылықты сақ­тау керек, Сіз соның кепілісіз. Осыған байланысты Сізден Президент сайлауына қатысуыңызды өтінеміз», – делінген хатта. Қарағанды қаласы №1 ауру­ха­насының қызметкерлері мемлекет қолдауы мен Қазақстан Президентінің қамқорлығы арқасында медицина қызметкерлері өздерінің басты міндетін – халықтың денсаулығын сақтау және нығайту ісін сапалы атқаруға қажетті барлық жағдаймен қамтамасыз етілгенін айтады. «Тек Сіз ғана халқымыздың тұ­тастығын сақтай алатыныңызға және дағ­дарыс кезеңінің қиындықтарын еңсеріп, мемлекетімізді әлемдегі ең өркен­деген елдердің қатарына қоса алатыныңызға сенімдіміз. Осыған байланысты Сізден Президент сайлауына қатысуыңызды өтінеміз», – деп жазады авторлар. Нұрсұлтан Назарбаевтың Прези­дент сайлауына қатысуын қолдаған хаттар білім беру саласы өкілдерінен де келіп түсті. Атап айтқанда, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің ұжымы тек Мемлекет басшысы ғана еліміздің тәуелсіздігін одан әрі нығайта алатынына тоқталған. «Осыған байланысты Сізден Президент сайлауына қатысу туралы шешім қабылдауды өтінеміз. Өз тарапымыздан Сізді қолдайтынымызға және Сіз үшін бірауыздан дауыс беретінімізге сендіреміз», – делінген хатта. Астана қаласындағы «Сана Бала» ЖШС және «Академия» ББО қыз­мет­керлері қаржы-экономикалық дағдарыс жағдайында Қазақстан халқы жұмылып, алдағы кезде беттесетін барлық қиындықтарды батыл еңсере алатынына сенім білдірген. «Сізден алдағы Президент сайлауына қатысуыңызды сұраймыз, ал біз өз тарапымыздан Сіз қойған міндеттердің орындалуы үшін барлық күш-жігерді жұмсаймыз», – деп жазады авторлар. Алматы облысы Есік қаласындағы Абылайхан атындағы орта мектеп оқушысы Д.Аманғожа өз хатында болашақ мамандығын таңдауға қатысты арманы, жоспарлары жөнінде ой бөлісіп, өз отбасы мүшелерінің Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс беру ниетінде екенін айта келіп, Президент сайлауына қатысуын өтінген. Ақтөбе облысының жауынгер-интернационалистері де Мемлекет басшысының көреген саясатының арқасында Қазақстан жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы ерте қамданғанын айтады. «Өз Жолдауыңызда Сіз дағдарысқа қарсы терең ойластырылған бағдарлама ұсындыңыз. Егер Сіз алдағы сай­лау­ға қатысатын болсаңыз, бүкіл Қазақ­стан халқы кандидатураңызды қолдай­тынына сенімдіміз. Сізді таңдай отырып, біз «Нұрлы Жол – болашаққа бас­тар жолды» таңдаймыз», – делінген хатта. Олардың пікірін Астана қаласындағы «Оберег» Украин қоғамы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері қолдаған және Нұрсұлтан Назарбаев халыққа шексіз қызмет етудің мысалы, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың үлгісі екенін атап өткен. «Сондықтан Сізден президенттік сайлауға қатысуыңызды сұраймыз. Біз елімізді гүлдендіріп, бақ-берекесін арттыруда зор биіктерге Сізбен ғана жететінімізге сенімдіміз», – деп жазады авторлар. Астана қаласы мәслихатының депутаты А.Байгенжин Мемлекет басшы­сының Президент сайлауына қаты­суын барлық қазақстандықтар күтіп отырғанына тоқталған. Өйткені, бұл қадам елді дамытуға бағытталған маңызды бағдарламаларды жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыруға мүмкіндік береді. Еліміздің жекелеген азаматтары да хат жолдады. Мәселен, Тараз қаласының тұрғыны, Парламент Сенатының экс-депутаты Ж.Кәрібаев еліміздің барлық ірі жетістіктері Мемлекет басшысы қызметінің жемісі екенін айтады. «Алда жұмыс көп. «Қазақстан-2050» Стратегиясында, жыл сайынғы Жол­дауда белгіленген міндеттерді жүзе­ге асыру мақсатында Сізден президенттік сайлауға қатысуды сұраймын, өйткені, басқа балама жоқ», – делінген хатта. Алматы қаласының тұрғыны С.Ме­деубаев Мемлекет басшысы жүргізіп отырған саясаттың тиімділігін атай отырып, әлемдегі дамыған 30 мем­лекеттің қатарына кіруге бағытталған шараларды Қазақстан Президентінің одан әрі жүзеге асыруы маңызды екенін айтқан. Тараз қаласының тұрғыны А.Дүй­сенбекова Елбасынан президенттік сайлауға қатысуын өтіне отырып, оның отбасы түгелдей Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс беруге дайын екенін мәлімдейді. Қазақстан Республикасы Прези­ден­тінің кезектен тыс сайлауын тағай­ындауға байланысты хаттар легі әлі де жалғасуда.