ОлОл АСТАНА. 4 ақпан. Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың өкімімен Ғайнулла Зейнуллаұлы Жарқынбаев облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
Ғайнулла Зейнуллаұлы Жарқынбаев 1954 жылы Шымкент қаласында туған. Алматы энергетикалық институтын инженер-электрик және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша бітірген.
Ғ.Жарқынбаев еңбек жолын 1978 жылы Қызылорда электр жүйелері мекемесінің инженері болып бастаған. Ол 1989-1993 жылдары Қызылорда қалалық партия комитетінің нұсқаушысы, ұйымдастыру жұмыстары секторының меңгерушісі болды, 1993-1995 жылдары «Корда» «Қазақстан-Түркия» біріккен мекемесі бас директорының орынбасары, 1995-1999 жылдары облыс әкімінің көмекшісі, облыстық пошта байланысы мекемесінің бастығы, 1999-2009 жылдары облыс әкімі аппаратының басшысы, облыстық ішкі саясат департаментінің директоры, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының жетекшісі қызметтерін атқарды.
Ал 2009 жылдан бастап осы кезге дейін облыстық мұрағаттар және құжаттама басқармасына басшылық жасап келді.
Жолдыбай Базар.
Дерек, сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің сайты.