• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Наурыз, 2015

Атырауда мас жүргізуші полиция көлігіне соқтығысты

205 рет
көрсетілді

АТЫРАУ. 4 наурыз. Атырауда 3 наурызға қараған таңғы алакеуімде мас жүргізуші жол-патрульдік қызметі экипажының тоқтау туралы бұйрығына бағынбай, қашпақ болғанда полиция көлігіне соқтығысты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Гүлназира Мұхтарованың хабарлауынша, сол уақытта «Батыс» жол-патрульдік қызметінің экипажы Атырау қаласындағы Азаттық даңғылы мен Атамбаев көшесінің қиылысында кезекшілікте тұрған. Полицейлер «Фольксваген» көлігінің жүргізушісінің кенеттен тежегішті басып, қозғалыс бағытын күрт өзгерткенін байқайды. Кезекші полицейлер дыбыс күшейткішпен көлік жүргізушісіне тоқтауды бұйырады. Бірақ жүргізуші полицейлердің бұл талабын орындамай, бағдаршамның қызыл белгісіне қарамай солға бұрылған. Сол кезде «Фольксваген» көлігі жол-патрульдік қызметі экипажының көлігіне соқтығысқан. Осылайша, полиция қызметкерлерінің талабына бағынбай, сонымен бірге, полицейлердің қызметтік көлігіне зақым келтірген жүргізуші қашып кетуге әрекеттенеді. Алайда, ол полицейлер қолына түсті. Тексеру нәтижесінде «Фольксваген» жүргізушісінің масаң күйде көлік жүргізген Атырау қаласының 27 жасар тұрғыны екені белгілі болды. Қазір оның үстінен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 608-бабы («Көлік құралын алкогольдік  масаң күйде басқару») бойынша хаттама толтырылды. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек: egemen.kz. Сурет: news.nur.kz.