• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
04 Наурыз, 2015

Ақтөбеде жас ақындар мүшайрасы қорытындыланды

550 рет
көрсетілді

АҚТӨБЕ. 4 наурыз. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде «Мәңгілік ел – мұратым» атты студенттер арасында жас ақындар мүшәйрасы өткізілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Әдеби шараны өткізудің мақсаты дәрігерлік мамандыққа оқып жатқан студенттердің арасындағы поэзияға ден қойып жүрген жас ақындардың шығармашылығын насихаттау болып табылады. Жас ақындар мүшәйрасын университеттің әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі орталығы мен қазақ тілі курсы мамандары ұйымдастырды. Мүшәйраға осы жоғары оқу орнының 1-4 курстары арасынан 8 студент қатысты. Байқау қорытындысы бойынша Нұрталап Айбазар бірінші орынды жеңіп, ал екінші және үшінші орындарды Қалжан Бақытжанов пен Гүлтұрсын Смайлова иеленді. Мүшайра жеңімпаздарына университет тарапынан бағалы сыйлықтар табысталды. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек: egemen.kz. Сурет: azh.kz.