• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
18 Мамыр, 2015

Ольга Рыпакова Олимпиада жолдамасын иемденді

346 рет
көрсетілді

АСТАНА. 18 мамыр. Қытайдың Шанхай қаласында жеңіл атлетикадан «Гауһар лига» жарысының екінші кезеңі өтті. Онда үш қарғып секіруден Лондон олимпиадасының чемпионы, отандасымыз Ольга Рыпакова қола жүлдегер атанды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Осы нәтижесімен Ольга келесі жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадаға жолдама жеңіп алды. Бұл спортшының 2015 жылдағы алғашқы жарысы. Соған қарамастан, 14,38 метрді бағындырып, үздік үштіктен көрінді. Жарысты Колумбия спортшысы Катерин Иваргуен жеңді (14,85 м.), Украина сенім артқан Ольга Саладуха күміс жүлдеге қол жеткізді (14,62 м.). Рыпакова осымен үшінші Олимпиадасына қатыспақ. Бұған дейін 2008 жылы Бейжіңдегі Ойындарда бақ сынаған ол 4-орыннан көрінген болатын. Ал 2012 жылы Лондонда Олимп шыңын бағындырды. Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: yvision.kz.