• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Мамыр, 2015

Жаңа жүйеге ден қоюда

242 рет
көрсетілді

Елбасымыз Н.Назарбаев жа­қында ғана Жамбыл облысына келген сапарында Тараз химия-техникалық колледжінің жұмысымен танысып, дуалды жүйеге мейлінше ден қоюды атап өткен болатын. Шынында, үдемелі ин­дустриялық-инновациялық да­­му жөніндегі бағдарламаның жү­­зеге асырылуы алдымен өнер­кә­сіп орындарына байланысты десек, кәсіпорындардың дамуы техникалық және кәсіптік білімі бар білікті мамандарға тәуелді. Айталық, Австралия, Бельгия, Нидерландыда оқушылардың 70 пайызы жұмысшы мамандығын меңгеретін болса, Германия, Швей­цария, Норвегия, Швеция елде­рінде бұл көрсеткіш 60 пайыз­ды құрайды. Яғни, дамыған еуро­палық мемлекеттерде жұмыс­шы мамандықтарына көңіл бөлінеді.

Елімізде кәсіптік-техникалық мамандықтарды таңдаушылар қатары 10 пайыздан аспай отыр­ғандықтан оқытудың дуал­ды жүйесін енгізудің ұлттық моделін қалыптастыру мен мемлекет эко­номикасының инновациясына білікті мамандарды даярлаудың маңыздылығы, өнеркәсіп пен оқу орындарының арасындағы байланысты нығайту техникалық және кәсіптік білім беруде туындап отырған мәселелердің бірі. Қазіргі Қазақстан үшін бұл өзекті мәселені шешу техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқыту педагогтарының арнайы кәсіптік дайындығын қажет етеді. Осыған орай, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиа­лы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты дуалды оқыту жүйесі туралы жоғары кәсіптік құзыреттілігін арттыруға, тәжірибе алмасу, мәселелердің шешу жолдарын қарастыруға бағытталған техникалық және кәсіптік білім беру мекеме­лері­нің оқытушыларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыруда. Облысымызда өткен жылдың 1 қыркүйегінен бастап дуалды оқыту жүйесін енгізуде эксперименттік алаң мәртебесін 25 техникалық және кәсіптік білім мекемелері алды. Осы колледждердің жұ­мыстарымен танысу, дуалды оқыту жүйе­сін енгізудегі әлеуметтік серік­тес­тердің рөлін және өндіріс­тердегі оқушылардың теория­лық білімдерін практикада қол­дануларын зерделеу мақса­тын­да курс тыңдаушыларына көш­пелі тәжірибелік сабақтар ұйым­дастырылуда.

Мысалға, Жамбыл поли­тех­никалық және №1 колледж­де өтетін тәжірибелік сабақтар тыңдаушыларға мемлекеттің, бизнес пен болашақ маманның мүдделерін біріктіретін дуалды оқыту жүйесінің моделімен танысуға, дуалды оқыту жүйесін енгізуде туындаған қиындықтар мен олардың шешу жолдарын қарастыруға қатысты мә­се­лелерді шешуге мүмкіндік беруде. Әлеуметтік серіктестің дуал­ды оқыту жүйесін ендірудегі тәжірибесін зерделеу, кәсіби білікті кадрларды дайындауда әлеуметтік серіктестіктің рөлі туралы сұрақтар аясында «Қазфосфат» (ЖЖФЗ) ЖШС-нің оқу орталығында өтетін сабақтарда қарастырылады. Мұн­­дай тәжірибелік сабақтар тың­даушылардың біліктіліктерін арттырып қана қоймай, техни­калық және кәсіптік білім беретін мекемелерде дуалды оқыту жүйесін енгізуде жасалынып жатқан жұ­мыстарды нығайта түсуге қосымша серпін береді.

Гауһар ТӘЖІБАЕВА, Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты басқару және білім сапасы кафедрасының аға оқытушысы.