• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Тамыз, 2015

Қайырымдылық

286 рет
көрсетілді

Республикалық диагностикалық орталығында «Нұр Отан» партиясы «Бақытты балалық шақ» жобасының аясында партияның осындағы филиалы «Балаларды мектепке дайындайық» акциясын өткізді. Оны Ұлттық медициналық холдингтегі партияның филиалы еншілес ұйымдардың кәсіп­одақ комитеттерінің қол­дауымен ұйым­дастырған. Ак­цияның мақ­саты – өз қызметкерлері арасындағы аз қамтылған және көпбалалы отбасылар балаларының мектеп жарақ­тарын, оқулықтар алуы үшін материалдық көмек беруге саяды. Осы күні холдингтің еншілес кәсіпорындарындағы 125 қызмет­кердің балалары жаңа оқу жылы­на қажетті жарақтар және ақ­шалай сертификат алуға қол жет­кізді. Оларды холдинг пен оның құрамындағы бөлімшелердің бастықтары табыс етті. «Нұр Отан» партиясы филиалының холдингтегі филиалы төрағасының орынбасары Мария Өтебаева жи­налғандарды жаңа оқу жылы­мен құттықтады. Осындай акциялардың 2010 жылдан бері жүргізіліп келе жатқанын атап өтті. Біз өз қызметкерлеріміздің балаларын қолдауға, олардың қиналғандарына әрқашан да қолұшын беруге әзірміз. Бала­лардың жарқын жүздерін, қуа­нышты күлкілерін көрудің өзі бізді қуантады», – деді ол. Соны­мен бірге, ол жиналғандарды Ата Заңның 20 жылдық мерей­тойымен де құттықтады. Ал хол­­динг басқармасының төр­- а­ғасы Нұржан Отарбаев бүлдір­шіндерге жолдарың ақ болсын, денсаулықтарың мықты болсын деген тілек айтты. Ата-аналар атынан сөз алған холдинг қызметкері, нейрохирургия бөлімінің шаруашылық жөніндегі медбикесі Раушан Кәрімова өздеріне жасалған қамқорлықтары үшін холдинг басшылары мен «Нұр Отан» партиясы филиалына алғысын білдірді. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».