АСТАНА. 25 тамыз. Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында Бес институционалдық реформаның жүзеге асырылу барысы туралы есеп тыңдалды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Мемлекет басшысы жаңғыртудың әрбір бөлігі бойынша нақты қадамдар көзделгенін атап өтті. «Бүгінгі таңда комиссия үлкен жұмыс атқарды. Біз қолданыстағы заңнамаға өзгеріс енгізуге бағытталған актілердің жобасын тыңғылықты қарауды қажет ететін кезеңге келіп жеттік. Қазірдің өзінде 57 заң жобасы әзірленді, соның 29-ын Үкімет 1 қыркүйекке дейін Парламенттің қарауына енгізеді», – деді Қазақстан Президенті.
Айдар Өрісбаев.
Дерек, сурет: akorda.kz.