• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Мамыр, 2015

Бас прокурор елшімен кездесті

352 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Асхат Дауылбаев АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Джордж Кролмен кездесті. Сұхбат барысында кең ауқым­ды екіжақты құқықтық ынтымақ­тас­тық мәселелері, соның ішінде ұйымдасқан трансұлттық қылмыс­қа, киберқылмысқа, терроризм мен экстремизмге, есірткі сату, қылмыс­тық жолмен келген қаражаттың ізін жасыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, Бас прокурор елшіні Қазақстанда Бас проку­ра­тура жанынан Құқық қорғау органдарының академиясы құрыл­ғандығы туралы хабардар етіп, АҚШ-тың Құқық қорғау органдары академиясымен ынтымақтастық орнату жөнінде ұсыныс білдірді. Астана қаласында өтетін зорлық пен экстремизмге қарсы әрекет ету жөніндегі саммитке әзірлік мәселелері әңгімелесудің жеке тақырыбы болды, бұл іс-шара ақпанда өткен Вашингтон саммитінің жалғасы болып табылады. Сұхбаттасушылар трансұлттық қылмыстылықпен күрес бойынша екіжақты қатынастарды жан­дан­дырудың қажеттілігін атап көрсетіп, өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдірді, деп хабарлады Бас про­куратураның баспасөз қызметі.