• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Мамыр, 2015

Ардагерлер акциясы

269 рет
көрсетілді

Қазақстандық ардагерлер «Соғыс ардагерлерінің достығы пойызы фашизмді дәріптеуге қарсы» акциясына қатысады, деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың баспасөз қызметі.

 

Теміржолшы-ардагерлер Көп­тілеу Ізбасов пен Төлеген Жү­нісов 20-23 мамырда Достық пойызымен Мәскеу – Минск – Брест – Мәскеу бағдарына қатысады.

Достық пойызы Мәскеудің Беларусь вокзалынан Ұлы Отан соғысы жылдары әскерлердің майданға аттанып, 1945 жы­лы 9 мамырда жеңімпаз болып оралған жерінен жолға шы­ғады. Ардагерлер Минскідегі Жеңіс мұражайында және «Брест батыр қамалы» мемо­риалдық кешенінде болады. Белоруссия астанасында ардагерлерді Достастыққа қа­тысушы елдердің теміржол көлігі әкімшіліктері кеңесінің 62-отырысына қатысып жатқан теміржол әкімшіліктерінің басшылары қарсы алады.

85 жастағы Көптілеу Ізбасов 1943 жылы жол монтері болып еңбек жолын бастады. Одан кейін пойыз машинисінің көмекшісі, Шалқар локомотив депосында машинист болып жұмыс жасады. Тыл еңбеккері, еңбек ардагері.

91-дегі Төлеген Жүнісов Украина, Румыния, Венгрия, Че­хословакияны фашистік бас­­қыншылардан азат етуге қа­тысты. Жеңісті Берлинде қар­сы алды. Майдандастарының Рейх­стагқа ту тіккендерін мақ­таныш етеді. Отан соғысы орден­­де­рі­мен, бірқатар медальдар­мен марапатталған.