АЛМАТЫ. 20 мамыр. Алматыда жол талғамайтын Land Cruiser автокөлігін тізгіндеген жүргізуші №58 балабақшаның дуалын қиратып, аулада ойнап отырған балаларды басып кетті. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.
Оқиғадан соң белгілі болғанындай, жүргізуші тежегіштің орнын шатастырып, жылдамдық тетігін басып жіберген. Көлік жолындағының бәрін жапырып, балабақша ауласынан бір-ақ шыққан. Оқиға орнында 5 жасар бүлдіршін қаза тапса, 4 бала ауруханаға түсті. Кейбір ақпарат көздерінде 8 жеткіншектің жарақат алғаны айтылып отыр.
Айта кетейік, оқиғаға себепкер көлік тізгіндеген әйел кісі қамауға алынды. Әзірге полицейлер оқиғаның анық-қанығын нақтылай түсу үшін тергеуге кірісті.
Талғат Сүйінбай.
Дерек: zakon.kz.
Сурет: tengrinews.kz.