ҚЫЗЫЛОРДА. 20 мамыр. Атырауда 1998-2000 жылдары туған жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен Қазақстан чемпионаты өтті. Бұл туралы ordainfo.kz сайты хабарлайды.
Қазақстанның барлық аймағынан 258 спортшы қатысқан ел чемпионаты 10 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды.
Аталмыш сында грек-рим күресінен жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Қанат Көбегенов жетекшілік жасаған қызылордалықтар үмітті ақтап, биылғы жылдың 9-15 маусым аралығында Үндістан астанасы Нью-Делиде өтетін Азия чемпионатына жолдама алды. Атап айтсақ, №17 Қазалы ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінен Бағдат Үсенов 76 келіде Қазақстан чемпионы атанса, Жалаңтөс Баһадүр атындағы облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат оқушысы Нұрбақыт Әзелхан 42 келіде күміс жүлдені иеленді.
Ержан Байтілес.
Дерек, сурет: egemen.kz.