Гүлмира ИСМАҒҰЛОВА,
Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының жетекші ғылыми қызметкері:
– Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында үстіміздегі жылдан өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі жаңа бесжылдық бағдарламасы іске қосылды. Бұл бағдарлама, сондай-ақ, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртуды да қамтиды.
Тұрғындар алдан көп нәрсе күтсе, ол Мемлекет басшысының атымен тікелей байланысты. Өйткені, әлемдік дағдарысқа қарамастан, Президент Үкіметке ТКШ-ны жаңғырту шығындарын қысқартпау туралы тапсырма берді емес пе? Керісінше, нақ осы айдың өзінде бұған дейін жасалған жылу беру, сумен қамтамасыз ету және кәріз жүйелерін жаңғырту бойынша 86 жобаны қаржыландыру басталып кетті. Осы мақсаттарға үстіміздегі жылы 60 миллиард, 2016 жылы 100 миллиард теңге бөлінетін болады. Сондықтан, басталған және басқа да бағдарламаларды жүзеге асыру үшін Президент Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басында қалғаны дұрыс деп есептеймін. Сонда көптеген мәселе өз шешімін табатынына нық сенімдімін.
АСТАНА.
Әсия ДУАНБАЕВА,
Қостанай облыстық мәслихаты аппаратының жетекшісі:
– Тәуелсіз Қазақстан қалыптасуының алғашқы жылдарында мен Әулиекөл ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істедім. Аталған аудан облыстағы ең ірілерінің бірі болып табылады. Сол кездерді еске алсам, көңіл құлазиды: өндірістер жабылып жатты, жұмыссыздық белең ала түсті, жалақы, зейнетақы мен төлемақы айлап берілмеді. Бүгін осының бәрі көрген түстей. Жедел дамып келе жатқан Қазақстан экономикасы барлық сын-қатерлерге қарсы тұра алатын деңгейге көтерілді. Жыл өткен сайын халықтың әл-ауқаты артып келеді. Ал содан бері 20 жылдан сәл ғана астам уақыт өтті!
Қазақстан халқының бақыты бар екен, сол тағдыршешті кезеңде мемлекет басында Нұрсұлтан Назарбаев тұрды. Ендігі кезеңде де біздер, қазақстандықтар, өзіміздің болашағымызды Елбасымен тікелей байланыстырамыз. Меніңше, бүгін оған балама жоқ. Қырық жылдық өтілі бар мемлекеттік қызметші, ел азаматы, әйел ретінде сұрайтыным, Нұрсұлтан Әбішұлының президенттікке өз кандидатурасын ұсынуы.
Қостанай.
Клара АЛИПОВА,
«ОҚО азаматтық Альянсы» ҚБ президентінің кеңесшісі:
– Менің жасымдағы адамдардың кезектен тыс президенттік сайлау туралы мәселеге көзқарасы айқын. Бәріміз де оған дұрыс қараймыз. Бұл бастаманы биыл құрылғанына 10 жыл толатын Оңтүстік Қазақстан облыстық азаматтық Альянсына кіретін көптеген қоғамдық бірлестіктер қолдады.
Бірақ бүгін мына мәселе туралы айтқым келеді. Мысалы, алдағы сайлауға жастардың да оптимистік көзқарас танытып отырғаны қуантады. Олар ненің ақ, ненің қара екенін дұрыс айқындай отырып, басымдықтарды да дұрыс таңдай біледі. Осының нәтижесінде өмірге де шындық тұрғысынан қарайды.
Алдағы сайлау туралы мәселені мен жақындарыммен де талқыладым. Олар да тұрақтылықты, тыныш өмірді және елдің одан әрі қарай дамуын қалайды. Бұл – әр қазақстандық үшін ертеңгі күнге деген сенімді өмір кепілі. Бүгінгі сайлау өтетіні айқындалған тұста, Іс басындағы Президент Нұрсұлтан Назарбаев тағы да өз мойнына үлкен жауапкершілік алса деген тілегіміз бар.
ШЫМКЕНТ.
Александра КОЛПАКОВА,
«Червона рута» этномәдени бірлестігінің мүшесі:
– Маған, тарих пәнінің мұғаліміне келісім мен тұрақтылықтың қаншалықты бағалы екені жақсы мәлім. Сондықтан бәрімізге де ізгі көршілестік пен толеранттылықты көздің қарашығындай сақтау парыз. Президент Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің басты байлығы ұлтаралық татулық пен түсіністік екенін айтудан жалыққан емес. Менің жерлестерім әлемде қалыптасқан түрлі жағдайлар тұтастық пен бірлесудің қаншалықты бағалы екенін жақсы түсінеді. Сондықтан Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің биыл кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы бастамасы дер кезінде көтеріліп отыр деп білемін.
Мемлекет басшысы сайлауға арналған Үндеуінде өте дұрыс атап өткеніндей, әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс белең ала түсіп отырған тұста халыққа ертеңгі күніне деген сенімділік қажет. Бұл сенімділік бізге Мемлекет басшысы белгілеп берген жасампаздықтың дара жолымен жүруге мүмкіндік бермек. Сондықтан шын жүрегімнен Елбасына алдағы сайлауға түскенін қалайтынымды жеткізгім келеді.
Батыс Қазақстан облысы.
Тойған ИХСАНОВА,
тігінші:
– Мен өндірісте тігінші болып 2012 жылдан бері жұмыс істеймін. Осыдан үш жыл бұрын ескі химия зауытының базасында полипропиленнен қапшықтар шығаратын заманауи кәсіпорын ашылған болатын. Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде барлық мемлекеттік органдар мен кәсіпорын басшыларының алдына жұмыс орындарын қысқартпау туралы міндет қойды. Мен бұл сөздерді Елбасы қарапайым еңбек адамдарының ойлары мен сезімдерін дөп басып айтқанына сенімдімін.
Біз үшін ең бастысы жұмыстың болуы мен дер кезінде жалақы алуымыз. Ал өзіміз жауапкершілікпен жұмыс істеуге ұмтылатын боламыз. Сондықтан өндірістегі табыс әрқайсымызға тәуелді екенін жақсы түсінеміз. Егер кәсіпорын табысты болса, мемлекетке де жақсы – бюджетке салымдар көбірек түседі. Бұл қаржыға, өз кезегінде, жаңа мектептер мен ауруханалар, жолдар салуға болады. Демек, Елбасынан алдағы президенттік сайлауға қатысуын сұраймыз. Өйткені, оның жеңіске жететініне сенімдіміз.
АТЫРАУ.
Мәдина ҚАСЫМЖАНОВА,
С.Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университетінің 6-курс студенті:
– Кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы бастаманы толықтай қолдаймын. Сапалы білім алуды қалайтын және әлемдік медицина саласында бәсекеге қабілетті болғысы келетін мен сияқты студент үшін елде кең ауқымды жаңғыртулардың стратегиялық бағыты жалғастырылғаны өте маңызды. Қазақстанның бұрынғысынша серпінді түрде әлемдегі аса дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылу мақсатында ілгері қарай ұмтылғаны керек. Болашақ дәрігер ретінде мемлекет жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар жалғастырылып қана қоймай, өзінің түпкі мақсатына дейін жеткізіледі ғой деп үміттенемін. Ал олардың нәтижесі қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік беретіні күмәнсіз.
Осы жерде екпін түсіре айтарым, Президенттің жүргізіп келе жатқан саясатына толықтай сенемін және кезектен тыс президенттік сайлау тағайындалғанын ең ұтымды шешім деп есептеймін. Бұған қосарым, барша қазақстандықтар секілді алдағы президенттік сайлауға Елбасы өзінің кандидатурасын ұсынғанын қалаймын.
АЛМАТЫ.