• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
07 Наурыз, 2015

Жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды

192 рет
көрсетілді

Кеше палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төра­ғалы­ғымен Мәжіліс бюросы өтіп, жалпы отырыстың күн тәр­тібі нақтыланды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Халық қалаулыларының назарына азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру мәсе­ле­лері бойынша ілеспелі түзе­тулерімен Азаматтық процестік кодекстің жобасы бірінші оқылымда ұсынылатын болды. Сондай-ақ, палата екі ра­тификациялық заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындамақ. Олар: 2009 жылғы 6 қазандағы Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесін және ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін құру мен пайдалану шарттары туралы Қазақстан-Франция келісіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік ден­саулық сақтау ұйымы ара­сындағы Қазақстан Рес­пуб­ликасының Алматы қаласында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының медициналық-са­нитариялық алғашқы көмек жөніндегі географиялық жа­ғынан қашық орналасқан офисін ашу туралы келісімді ратификациялау. Жалпы отырыстың күн тәртібі жобасында Қазақстан Республикасының кейбір заң­намалық актілеріне зияткерлік меншік саласын құқықтық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Сенат енгізген өзгерістер мен толықтырулар жөнінде мәселе де қамтылған.