• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
21 Мамыр, 2015

Ольга Рыпакова Олимпадаға жолдама алды

268 рет
көрсетілді

Қазақстандық жеңіл атлет, Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова 2016 жы­лы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтетін Олим­пиадаға жолдаманы жеңіп алды. Орталық армия спорт клу­бының капитаны болып табы­латын Рыпакова бұл биікті Шанхайда өткен «Бриллиант лигасы» сайысының екінші турында қола медальді жеңіп алу арқылы бағындырды. Оның осынау жарыстағы сәтті жеңісі Рио-де-Жанейро Олимпиадасына жолдама алуы­на мүмкіндік берді. Осымен Ольга Рыпакова өзінің спорттық мансабында Олимпиялық ойындарға үшінші мәрте қатысқалы отыр. Бұған дейін ол 2008 жылы Пекин Олимпидасында өнер көрсетсе, 2012 жылы Лондон Олимпиадасында алтын ме­дальді жеңіп алды. «Халықаралық жарыстарда биіктен көрініп жүрген талантты спортшы Қазақстанның және еліміздің Қарулы Күш­терінің атын шығаруда. Оның же­ңістері әскери қыз­метшілер мен жастардың спортпен айналысуға деген қы­зы­ғу­шылығын тудырып, ынталандырады», – деп атап өтіл­ген Қорғаныс ми­нистрлігі баспасөз қызметінің хабарламасында.

Руслан ИГІЛІК.