• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
07 Наурыз, 2015

Үндістанда тобыр түрмедегі зорлықшыны таспен ұрып өлтірді

237 рет
көрсетілді

АСТАНА. 7 наурыз. Үндістанның Нагаленд штатындағы Димапур қаласында бір топ адам түрмеге басып кіріп, онда қыз зорлағаны үшін отырған Фарид Хан есімді адамды таптап тастады. Бұл туралы The New Indian Express басылымының хабарына сүйенген Lenta.ru хабарлады. Тобыр абақтыдан Бангладештен заңсыз келген 35 жастағы азаматты сыртқа алып шығып, көшемен тыр жалаңаш алып өтті. Жұрт оған жан-жақтан тас жаудырды. Осы тиген соққылардан зорлықшы қайтыс болды. Жазалаудың бұл түріне төрт мыңға жуық адам қатысты. Шабуыл жасаушылар бұдан басқа жолай кем дегенде он көлік пен машинаны өртеді. Reuters хабарлағандай, полиция жүгенсіз кетіп бара жатқан тобырды атыспен ғана тоқтата алған. Нәтижесінде тобыр арасынан бір адам қаза тапқан. Қалада коменданттыық сағат жарияланған. Тергеудің болжамына қарағанда, Фарид Хан ақпан айында нага тайпасының 20 жастағы қызын зорлаған. Бұл соңғы кездері болып отырған бірінші осындай оқиға емес. Қаңтар айында алты еркек Калькуттада жапон турист қызын ұрлап әкетіп, жабылып зорлаған. Қарақшылар оны бір ай бойы тұтқында ұстап отырған деген болджам бар. Содан кейін қыз Бихар штатындағы Бодх-Гая деген будда храмына барған. Үндістан ұлттық қылмыстар тіркеу бюросына сәйкес, елде әр күні 93 әйел зорлыққа ұшырайды. Мұндай оқиғалар саны 2012 жылғы 25 мыңнан 2013 жылы 33 мыңға дейін жеткен. Мұрат Айтқожа. Дерек, сурет: Lenta.ru.