• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
09 Наурыз, 2015

Президенттікке ниет білдіруші 4 адам тіркеуге алынбады

232 рет
көрсетілді

АСТАНА. 9 наурыз. Орталық сайлау комиссиясы президенттікке үміткер болуға ниет білдірген төрт адамды тіркеуден бас тартты. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлады. Агенттіктің хабарлауынша, олардың екеуі – «JH –Құрылыс» ЖШС құрылысшысы Бақыт Әбдікәрімов пен жүргізуші Сухраб Мырзашовтың жастары әлі 40-қа толмаған екен. Бұлардың бірі - 37-де болса, екіншісі - 30-да ғана. Сондықтан тіркеуге алынбады. Комиссия хатшысы Бақыт Мелдешовтің айтуынша, бұл екеуіне талаптарға сай келмейтіндері бірден ескертілген. «Олар келді де: «Бұл - біздің конституциялық құқымыз» деді. Біз сосын жанжалға бармай, өтініштерін қабылдадық та, кейін қайтарып бердік», - ол. «Біз бұлардың біз үшін түсініксіз адамдар болғанын нақтылап айтқанбыз», - деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов. Комиссия алдымен Асқар Сырғабаевты тіркеуден бас тартқан. Себебі, ол мемлекеттік тілді еркін меңгеруі тексерілген емтиханнан өте алмады. Сондай-ақ қазақ тілін жетік білмейтіні үшін Сафиолла Алдажанов та тіркеуге алынған жоқ. Орталық сайлау комиссиясы үміткерлікке ниет білдіруші Лимана Қойшиеваның ұсынылған талаптарға сай келетіні туралы қаулы қабылдады. Оған қол жинау қағаздарын беру туралы шешім қабылданды. Қойшиева мемлекеттік тілді жақсы біледі екен. «Бұл кандидатура Конституция талаптарына толық сәйкес келеді», - деді комиссия өкілдері отырыс барысында. Бірақ Лимана Қойшиева отырысқа уақытында келе алмай қалды. «Ол көлік кептелісінде тұр», - деді Мелдешов. Тұрғанқұлов үміткердің қатысуы міндетті емес екенін атап өтті. Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауында дауысқа түсуге ниет білдірген 10 адамның тізімін жария еткен еді. Мұрат Айтқожа. Дерек, сурет: Tengrinews.kz.