ПАВЛОДАР. 21 мамыр. Облыс орталығындағы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы университеттің 2014 жылы қолданысқа берілуі тиіс жатақхана құрылысы әлі күнге дейін аяқталмай тұр. Бұл туралы egemen. kz тілшісі хабарлады.
Жобаның құны 1 млрд. 100 миллион теңгеге бағаланған. 500 орындық жатақхана құрылысы 2014 жылдың қазанында, одан кейін желтоқсанда, 2015 жылдың 31 наурызында қолданысқа берілуі керек еді. Мердігер компания – «ТСК Сигма» ЖШС енді жобалық құжатта қателіктердің жіберілгенін хабарлады. Ал, келесі кезек 20 қазанға белгіленді.
Фарида Бықай.
Дерек, сурет: egemen.kz