• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
10 Наурыз, 2015

Халық Наурыз мерекесіне орай 5 күн демалады

265 рет
көрсетілді

АСТАНА. 10 наурыз. Еліміздің азаматтары «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» Заңына сәйкес, алдағы Наурыз мерекесіне байланысты қатарынан 5 күн демалады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Нақтылай айтқанда, 21-23 наурыз мерекеге орай демалыс, яғни бұл – сенбі және дүйсенбі аралығы. Осылайша, мерекенің алғашқы 2 күні кезекті демалысқа тап келгендіктен, 24-25 наурыз күндері де тынығамыз. Еске сала кетейік, «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» Заңында көрсетілгендей, мейрам аптаның сенбі, жексенбі күндеріне дөп келген жағдайда, мерекеге орай берілетін демалыс кейінгі жұмыс күніне шегеріледі. Сонымен, 21-25 наурыз аралығы, қатарынан 5 күн демалыс болады. Жолдыбай Базар. Дерек: egemen.kz. Сурет: oskemen.info.