ШЫМКЕНТ. 10 наурыз. Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында кенеттен жапалақтап қар жауып кетті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Түн ортасы ауа басталған ақ қар себезгісі көпке дейін толас тапқан жоқ. Қазір жерге тобықтан асатын қар түсіп қалды.
«Қазгидрометтің» мәліметтеріне қарағанда, қардың қалыңдығы 12 сантиметрге жеткен. «11 наурызда ауа температурасы 0-ден - 5 аралығында ауытқуы мүмкін. Кей аудандарда түнде 8-10 градус аяз күтілуде», - дейді инженер-синоптик М. Төлеңгітов.
Табиғаттың тосын мінезі бау-бақша өсірушілердің алаңдаушылығын тудырды. Ағаш бүршік жарып, гүлдеп жатқан өріктер қар астында қалды. Дегенмен синоптиктер 12-13 наурызда күн жылына бастайтынын айтады. Осы жылы наурыз 2014 жылға қарағанда, салқын болады.
Бақтияр Тайжан.
Дерек, сурет: ҚазАқпарат.