АСТАНА. 10 наурыз. Ауа райы жағдайының күрт нашарлап кетуіне байланысты Ақтөбе және Қарағанды облыстарында көлік қозғалысы тоқтатылды. Бұл туралы Gazeta.kz сайты хабарлады.
«Қазгидромет» РМК хабарлағандай, 10 наурызда Ақтөбе облысында ауа райы жағдайының күрт нашарлап кетуінің салдарынан (қар, бұрқасын), «Қандыағаш-Шалқар-Ырғыз» автомобиль жолы учаскесі автотранспорттың барлық түрлері үшін жабылды. Сондай-ақ, 10 наурық күні ауа райы жағдайының кенеттен төмендеп кетуінің әсерінен (көктайғақ, бұрқасын) «Екатеринбург-Алматы» (1488-1854 шақырым) автомобиль жолы қоғамдық және жүк автотранспорттары үшін, «Қызылорда-Павлодар» автомобиль жолы (533-946 шақырым) көліктің барлық түрлері үшін жабылды.
Мұрат Айтқожа.