АСТАНА. 10 наурыз. Петропавл соты қалалық жер қатынастары бөлімінің жетекшісін қамауға алуға санкция берді. Бұл туралы gazeta.kz хабарлады.
Хабарламада көрсетілгендей, шұғыл іздеу шараларын жүргізу кезінде сыбайластыққа қарсы күрес қызметкерлері кәсіпкерлік субъектілерінен бірнеше рет пара алды деген күдік келтірілген шенеунік әйел ұсталған.
Мемлекеттік қызмет және сыбайластыққа қарсы ықпал ету жөніндегі агенттігі Солтүстік Қазақстан облыстық бөлімінің жетекшісі Нұрлан Жахиннің айтуынша, шенеунік әйелге жер құрылысы жобаларын жылдам қарау және бекіткізу жұмыстары үшін пара алды деген айып тағылып отыр.
Ол 35 мың теңге алу кезінде ұсталған көрінеді.
Жолдыбай Базар.
Дерек, сурет: gazeta.kz.