• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Шілде, 2010

Жаңа басшы тағайындалды

603 рет
көрсетілді

Кеше Әділет министрі Р.Түсіп­беков Алматы облысына жасаған сапары барысында кеңес өткізіп, онда Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ұжымына жаңа басшы әділет полковнигі Бақытжан Сәдібековті таныстырды. Б.Сәдібеков қылмыстық атқару жүйесі органындағы қызметін 1994 жылы ІІМ қылмыстық-атқару жүйесінің бас басқармасында же­дел-режімдік жұмыс пен қылмыс­тық жазаларды атқару жөніндегі жедел бөлімнің аға жедел уәкілі лауазы­мы­нан бастаған еді. Ол Алматы қаласы және Алматы об­лы­сы бойынша қыл­мыстық атқару жүйесі департаменті бастығы қыз­метіне тағайындалғанға дейін Ас­та­на қаласы бойынша қыл­мыс­тық-атқару жүйесі басқармасының бастығы, ҚАЖ комитеті төраға­сы­ның орынбасары, Солтүстік Қа­зақстан облысы бойынша қыл­мыс­тық-атқару жүйесі басқар­ма­сы­ның бастығы қызметтерінде болды. Кеңес қорытындысында Әділет министрі Р.Түсіпбеков Б.Сәді­бе­ков пен Алматы қаласы және Ал­маты облысы бойынша қылмыс­тық ат­қа­ру жүйесі департаменті ұжымының алдына бірқатар міндеттер қойды. Соның ішінде министр бас бостандығынан айырылғандарды ұстау жағдайын талапқа сай келтіру, сотталғандар үшін қосымша жұмыс орнын ашу және жедел қызметті күшейте түсуді тапсырды. “Егемен-ақпарат”.