ҚОСТАНАЙ. 10 наурыз. Қостанай облысы Жітіқара аудандық сотының санкциясымен Жітіқара қаласындағы екі азамат адам өліміне қатысы бар деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Адам өлтірді деген күдіктілер 30 және 27 жастағы жігіттер. Олардың үстінен Қылмыстық кодекстің 99 бабы 2 бөлім 7 тарау бойынша «топтанып, қасақана адам өлтірді» деген айып тағылып отыр.
Сотқа тапсырылған тергеу материалдарының мәліметінше, 2 наурыз күні ұсталғандар әдейі өлтіру үшін ер адамның мойнына шаппа салып алған. Соның салдарынан ер кісі тілге келмей қайтыс болған . Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған бап бойынша қасақана адам өлтіргендерді 15-20 жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек: egemen.kz.
Сурет alau.kz.