АСТАНА. 10 наурыз. Сот отырысы барысында белгілі актер, шоумен Никита Джигурданың жұбайынан көпшілік алдында кешірім сұрауы оның отбасын сақтап қалуына жәрдемдесті. Бұл туралы НТВ телеарнасы хабарлады.
«Жанжалға ұласқан неке бұзу процесі бүгін аталмыш актер мен бұрынғы мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Марина Анисинаның біиімге келуімен аяқталды», - делінген хабарламада.
Ерлі-зайыптылар ажырасуларының бастамашысы спортшы келіншек болды. Бұл әңгіме Джигурданың әйелін сатқындық жасады деп негізсіз айыптап, болмай жатып байбалам салуынан кейін қозғалды. Бірақ шоумен жұбайымен қарым-қатынасты үзуден бас тартып, бүгін соттың ақырғы отырысы алдында жұбайлардың адалдығы мен сүйіспеншілігі жайында монолог айтты. Актер сөйлеп тұрған кезінде сағатына қараумен болды. Себебі, өткен жолғы отырыс оның кешігіп келуіне байланысты кейінге қалдырылған еді. Ал Марина Анисина Парижде гастролі болуы салдарынан процеске қатыса алмады.
Джигурданың өзі Францияға жақында келіп, жұбайымен кездесіп, одан кешірім сұрағанын айтты. Соттан кейін Никита отбасының қайта қосылғанының құрметіне бірнеше жаңа татуировка салдыру үшін тату-салонға тартып кетті.
Мұрат Айтқожа.
Дерек, сурет: НТВ.Ru.