АСТАНА. 10 наурыз. Brent мұнайының наурыздың басындағы сәуір фьючерсіне қойылған бағамы шамамен 8 пайызға төмен түсті. Бұл туралы «Комсомольская правда» хабарлады.
Сейсенбі, 10 нурыз күні «қара алтынның» бір бөшкесі үшін 58 доллардан да төмен ақша беріле бастады. Осылайша ол Лондон биржасында 15:45 сағатта баррелін 57,87 доллардан босатты.
Ал WTI маркалы мұнайдың баррелінің құны Нью-Йорктегі NYMEX биржасында 49,79 долларға дейін арзандады.
Жалпы, сейсенбі күннің таңертеңінде «қара алтынның» бағасы аздап төмен түскеннен кейін, қайтадан жоғары көтеріліп еді. Күн басталған шақта Brent - 58,68 доллардан, WTI 50,30 доллардан сатылып жатты.
Мұрат Айтқожа.