• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
11 Наурыз, 2015

Партия Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы

298 рет
көрсетілді

Кеше Астанада «Нұр Отан» партиясы ХVІ съезі қарсаңында партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлады партияның баспасөз орталығы. Отырыс барысында партияның Саяси кеңесінің мүшелері бірқатар мәселелерді қарады. Ол 2011-2014 жылдардағы Саяси кеңес, Орталық бақылау-ревизиялық комиссия жұмысының қорытындылары, сондай-ақ, партияның XVI cъезі органдарының жұмысын ұйымдастыру. Атап айтсақ, «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің шешімімен өтетін Съездің қарауына келесі күн тәртібі енгізілді: «Нұр Отан» партиясының атынан Қазақстан Республикасы президенттігінен үміткерді ұсыну. Партияның Саяси кеңесі мен Орталық бақылау-ревизиялық комиссиясының есептік мерзімдегі жұмысының қорытындысы. Партияның Саяси кеңесі мен Орталық ба­қы­лау-ревизиялық комиссиясы мүшелерін сайлау. Отырыстың жұмысына 300-ден астам адам қатысты: Саяси кеңестің мүшелері, партияның Орталық аппаратының басшылығы, Парламент Мәжілісіндегі «Нұр Отан» фракциясының мү­ше­лері, партияның аймақтық филиалдары төра­ға­ларының бірінші орынбасарлары, Орталық бақылау-ревизиялық комиссияның мүшелері және басқалар. Атап өтерлік мәселе – «Нұр Отан» партиясының Жарғысына сәйкес, Саяси кеңес партияның съездер аралығындағы жоғары өкілетті органы болып табылады.
Соңғы жаңалықтар