Оған «Қазпошта» АҚ ауылдық бөлімшелері арқылы өтініш беруге болады
Ауылдық елді мекен тұрғындары «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына «Қазпошта» бөлімшелерінде орнатылған бейнеконференсбайланыс арқылы өтініштерін бере алады. Бұл мүмкіндік «Нұр Отан» партиясының «Қазпошта» компаниясымен серіктестігі нәтижесінде іске асырылып отыр, соның барысында пошта байланыс бөлімшелерінде ғаламторға кіру мүмкіндігі бар 50 нүкте ашылады.
Skype арқылы бейнебайланыспен шалғайдағы елді мекен тұрғындары партияның қоғамдық қабылдауына, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері – депутаттар: мәжіліс пен мәслихаттағы, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар басшыларына өтініш бере алады. Бұл азаматтарды қамтуды ұлғайтуға, өзекті мәселелерді қараудың санын арттыруға, мемлекеттік органдардың қызметі, парламенттік фракция жұмысы және мемлекет қабылдаған дағдарысқа қарсы шаралар туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.
«Нұр Отан» партиясы көп тармақты қоғамдық қабылдау желілеріне ие, біз үшін олардың әр ауыл тұрғынына қолжетімді болғаны маңызды. «Қазпошта» пошта байланысының ұлттық операторы ретінде ауылдық жерлерде қоғамдық бақылау жететін қызмет көрсетуге мүдделі. Партияның «Қазпошта» АҚ-пен серіктестігі арқасында ауыл тұрғындарының облыс орталығы мен Астанаға баруы қажеттілігінсіз жүгіністері мен ұсыныстарын жолдауына, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшыларының қабылдауына жазылуына мүмкіншілігі туғандығын Ақтөбе қаласындағы баспасөз мәслихаты барысында «Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауының басшысы Абылайхан Оспанов атап өтті.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен жеті жыл бұрын құрылған аймақтардағы қоғамдық қабылдаулар көптеген азаматтар үшін мемлекеттік органдар және депутаттармен байланыс үшін тиімді құрал болып отыр. Қазіргі уақытта республикамызда партияның ақысыз заңгерлік кеңес қана емес, сонымен қатар, нақты мәселелер бойынша көмек беретін 241 қоғамдық қабылдауы жұмыс жасауда. Өз кезегінде «Қазпошта» АҚ-тың ауылдық бөлімшелеріндегі ғаламторға кіру мүмкіндігі бар 50 нүктенің ашылуы азаматтар жүгінісінің жедел қаралуына ықпал етеді және мемлекеттік органдар мен депутаттардың тұрғындармен өзара қарым-қатынасын арттыра түседі.
«Қазпошта» АҚ әлеуметтік-жауапкершілікті компания бола отырып, осындай бөлімшелерді құру арқылы тұрғындар үшін мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру жолында нақты қадамдар жасауда. Бүгінгі таңда еліміз бойынша қазақстандық поштаның 3200-ден аса бөлімшесі, 14 облыстық және республикалық мағынадағы 4 филиалы бар. Осы қызмет ұйымдастырылған бөлімшелердің тізімін компанияның www.kazpost.kz.ресми сайтынан алуға болады.
«Егемен-ақпарат».